ФИЛОСОФИЯНЫН ДІНГЕ КАТЫНАСЫ

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ДІНГЕ ҚАТЫНАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫНАН

(Аударған Ж.Мүтәліпов)

Мейірімі мен ізгілігі мол Алланың атынан!

1. Дін дегеніміз — көзқарастар жүйесі мен іс-әрекеттер іс-әрекеті және Алланың адамзат баласына салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында көкірегі ояу адамдардың баршасы іл көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады. Баршасы деп отырғанымыз — тайпалар мен қалалар, ал кей жағдайларда ол белгілі бір халықты немесе сан алуан халықтарды қамтуы да ғажап емес.

Егер ел билеуші шынайы қайырымдылықтың жаршысы бола білсе, онда оның халықты басқарудағы басшылық қызметі де сан алуан жақсылық істерге толы болады. Дәл осындай игілікті мақсатты ойдағыдай жүзеге асыра білгенде ғана елбасының өзі де, оның қол астындағы әрбір адам да шексіз бақытқа кенеледі, ал мұндай жағдай нағыз бақыттың өзі болып саналады. Міне, сонда ғана дінді қайырымдылықтың діні деп атауға болады.

Ал ел билеуші надандықтың жолына түссе болғаны, ол міндетті түрде өзінің ойындағы арам пиғылдарын жүзеге асырудың жолдарын қарастыра бастайды. Сөйтіп, оның қызметінде билік пен мансап, тәкаппарлық пен намысқойлық байлық пен масайраушылық басты орынға шығады. Дәл осындай жолға түскен ел билеуші шын мәнісінде бақытты болмаса да, өзін тым бақытты сезінеді. Мұндай ел билеуші тікелей өзіне бағынышты адамдардың көмегі арқасында оз үстемдігін баянды етіп қана қоймай, оны одан әрі нығайта түсуге жанталасады. Алайда ел билеуші халқының қолын берекеге жеткіздім деп есептегенімен де, шын мәнісінде бұл игі мақсат жүзеге аспаған күйінде қалып қояды. Мұндай пиғылдағы ел билеушілер, әдетте, басқалармен салыстырғанда, өздерін ерекшеміз деп санайды.

Жаңылыстар мен қателіктерге ұшыраған ел билеуші өзінің халықты басқарудағы қабілеттері мен даналық қасиеттерінің жоғары екендігіне шек те келтірмейді. Дәл осылай болмаса да, оның өзі де, одан қалды оның қол астындағылар да, дәл осылай ойлауға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда ел билеушінің өзі де, оның елі де шынайы бақытқа қолдарын жеткізбесе де, оны сезінгендей күй кешеді. Халықты басқарудың дәл осы сипаттағы жолдарының жалғандыққа негізделгеніне қарамастан, бағынышты халық оны көп жағдайларда сезінбей де қалады. Сондықтан да болар, олар ел билеушінің бойында рақымшылдық пен даналық қасиеттердің мол екендігіне кәміл сенеді. Мұндай көзбояушылықты билеуші де, оның қарамағындағылар да жан дүниесімен нағыз бақытқа санайды. Сөйтіп, олар ел билеушіні қолдау арқылы оның көкейіндегі надандық пен білімсіздіктен туындаған мақсаттарының кейбіреулерінің орындалуына жағдай да туғызады.

Ал рақымшыл билеушінің халықты басқаруы (Бірінші) Алла Тағаланың нұрлы шапағатынан туындаған ақиқатпен, жаңалықтармен тікелей байланысты болып келеді.

Ізгілікке негізделген діннің қызметі мен көзқарастары діни жаңалықтардың мән-мағынасымен айқындалады. Мұндай үрдістер орын алған екі тәсілдің біреуі, немесе олардың екеуі арқылы да жүзеге асырыла береді. Олардың ең алғашқысы — Құдіреті мол Алланың жіберген қағидалары болып табылады. Ал екінші жағдайда ел билеушінің басқарушылық қызметі мен іс-әрекеттері Жаратқан иемнің құдіреті арқылы келіп жеткен күштердің көмегімен айқындалады. Сөйтіп, Алланың көрсетіп берген қасиетті ізі ел билеушінің ізгілік пен рақымшылдыққа негізделген көзқарастармен қызметпен айналысуына даңғыл жол ашып береді. Мұндай жаңалықтар негізінен бірінші тәсілмен, ал кейде екінші тәсіл арқылы да ойдағыдай жүзеге аса береді.

Теориялық ғылым Алланың өз ықыласы ауған пендесінің бойында күш-қуаттың қалай туындайтынын жан-жақты түсіндіруге тырысады.

Ізгілікті діннің көзқарастары: теориялық көзқарастар және ерік-жігер көзқарастары болып екіге бөлінеді.

Теориялық көзқарастар Алланың, рухани адамдардың Аллаға деген қатынастарын, олардың рухани адамгершілік қасиеттерін және әр адамның жағымды - жағымсыз қылықтарын, іс-әрекеттерін сипаттайды. Теориялық көзқарастар сонымен қатар дүниедегі ең алғашқы денелердің пайда болуы мен жоғалуын, олардың жаңа денелердің пайда болуына негіз болғандығын, немесе соңғылары алғашқы денелерден қалайша шыққандығын, одан қалды олардың аралық қатынастарын, өзіндік құрылымын және өзара байланыстарының заңдылықтарын жан-жақты түсіндіреді.

Бұл денелерде болып жатқан өзгерістердің барлығы да і әділеттілікке негізделгендіктен, мұндай табиғи өзгерістерде әділетсіздікке жол да берілмейді.

2. Теориялық көзқарастар дүниедегі әрбір зат атаулының Құдіретті Алла мен рухани адамдарға деген қатынастарына дін қарастырады.

Одан кейін адамның пәни дүниеге келіп жаратылуы және оның жан мен ақыл-ойға ие болуы, Алла Тағаланың шапағаты мен рухани адамдар арқылы берілген адам бойындағы адамгершілік қасиеттермен қатар, оның жарық дүниеде .шатын орны сипатталады.

Теориялық пікірлер мен көзқарастар пайғамбарлық пен оның мән-мағынасын, ғылыми жаңалықтардың шығуы мен оның түрлі құбылыстарын суреттейді. Олар ажал мен о дүниелік ғұмырға, өнегелі және ізгі ниетті адамдарға ғана і;ш шат-шадыман бақытты өмір мен ұждансыз-арам, ар-ұяттан безген адамдар ұшырайтын азапты өмірге де сипаттама береді.

Ал ерік-жігерлік пікірлер мен көзқарастар о дүниедегі дәл осындай билеушілер қарамағындағы халықтардың хал-жағдайынан хабардар етеді.

Ерік-жігер көзқарастары білімсіз адамдарға оз өктемдігін көрсетіп отырған ар-ұяттан безінген ел билеушілер мен басшыларға және өткен замандарда өмір сүріп, тағдыр талқысының салдарынан адасқан кейбір көсемдерге де сипаттама береді.

Олар тіршілікте жіберілген қателіктер мен жамандықтарға байланысты тиісті жаза белгілеуде, әрбір адамның ізгілікке голы жан-дүниенің жақсылық пен жамандыққа икемділік танытуын да ескереді.

Дін қарастыратын сан алуан заттардың қасиеттері міндетті түрде қала тұрғындарының, ел басшылары мен қызметшілерінің Алла белгілеп берген олардың қоғамдағы алатын орны мен қалыптасқан қарым-қатынастарына да, одан қалды оз арасындағы келіспеушілік пиғылдарына да тән болу керек. Сондықтан да әрбір пенде Алла Тағала белгілеген қасиетті жолдан таймай, оның адамгершілікке бағытталған қағидаларын басты назарда ұстауы қажет.

Сонда ғана осы айтылған қағидалардың бәрі де діннің құндылық қасиеттерін қалыптастыра алады.

Алланың құдіреті мен улылығын дәріптейтін іс-әрекеттер мен оң пікірлер басты орынға шығады. Одан кейінгі орынды өткен замандарда өмір сүрсе де, өздерінің шексіз рақымшылдығымен, адамгершілік қасиеттерімен танылған пайғамбарлар мен ізгі ниетті ел басшылары мен әділетті көсемдер иеленеді.

Олардан соң, заманында өздерінің жат қылықтарымен әйгілі болған, өмір ағымында адасып, жағымсыз түрлі қылықтарға бой ұрып, күнәға батқан ел билеушілерінің, абыройсыз басшылар мен адасқан көсемдердің іс-әрекеттері келіп туындайды.

Одан соң, қай заманда болса да, өздерінің адал да, орынды қылықтарымен, айшықты пікірлерімен ерекшеленетін қайырымды ел билеушілер, өнегелі басшылар мен әділетті көсемдер басты орынға шығады.

Дәл осындай қылықтар мен пікірлер жүйесінен кейін барып қана, қала тұрғындарының өзара қарым-қатынастары және әрбір адамның өзіндік іс-әрекеттері жөне оның басқа адамдармен қарым-қатынастарының деңгейін анықтау керек болады.

Ең соңында, бұл іс-әрекеттердің әділдігін анықтау қажеттігі келіп туындайды.

Осы айтылған қағидалар сайып келгенде, рақымшыл, ізгілікті діннің мән-мағынасын құрайды.

4. Дін мен сенімнің синонимдер екендігі сияқты шариғат пен сунна да синонимдер болып көрінеді.

Адамдардың көпшілігі үшін шариғат пен сунна діннің салып берген ізгілікке толы жолымен айқындалатын іс-әрекеттермен сипатталады. Олай болса, айқындалған көзқарастарды шариғат деп атауға болады. Сонда ғана шариғат та, дін мен сенім де синонимдер болып саналады.

Дін негізінен екі бөлімнен тұрады. Олар: көзқарастарды қалыптастыру және адам қылықтарын айқындау.

Қалыптасқан көзқарастардың алғашқы түрі дінде екіге бөлінеді. Оның алғашқысының көмегімен діннің мән-мағынасын білдіру мен дәлелдеуге қол жеткізсек, ал екіншісінің көмегімен дін жолын қуушылардың қылықтарын айқындауға мүмкіндік аламыз.

Ізгілікті дін арқылы айқындалған көзқарастар ақиқат тәрізді, немесе нағыз ақиқат екендігі даусыз.

Ал ақиқат дегеніміздің өзі әр адамның білімділігі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болып табылады.

Шын мәнісіндегі табиғи қасиеттеріне де, өмірден алған біліміне де сенімсіздік танытушылық жағдайына түсіп, көзқарастардың алғашқы түрімен қаруланбаған кез келген дін сияқты, көзқарастардың дәл осы сипатындағы екі түріндегі қасиеттерден алшақтық танытқан дін де адасушылық пен қателіктерге бой ұрады.

5. Ізгілікті дін философия тәрізді теориялық және тәжірибелік болып екіге бөлінеді.

Ойшылдық теориялық философия дегеніміз — адамның танып білген, бірақ толық жүзеге асыра алмағандары болып табылады.

Ал тәжірибелік философия адамның танып-білуі арқылы ойдағыдай жүзеге асырған игі мұраттары. (Дәл діндегі сияқты).

Діннің тәжірибелік бөлімі толығымен тәжірибелік философияның құрамына кіреді. Осыдан дін саласында тәжірибелік сипат туындайды. Оның басты қасиеті — тәжірибе арқылы айқындалып, белгілі бір тұрпатқа ие болған тұтастық болып саналады.

Алдын ала болжанған істерге басшылық жасау айқындалмаған істерге қарағанда, мағыналы болатындығы ақиқат. Бұл жағдай "жай адамға" қарағанда білімді "жазғыш адамның" мәндірек болатыны сияқты. Демек, ізгілікті шариғаттар (қағидалар) тәжірибелік философияның құрамына кіріп, оның тұтастығын ойдағыдай қамтамасыз етіп отырады.

Діннің теориялық қағидалары теориялық философияда дәлелденген және осы себептен де дін оларды ешбір дәлелсіз - ақ қабылдаған.

Демек, дінді құрайтын екі бөлім де философиядан алынған.

Олай болса, ғылымның саласы немесе ғылымнан алынған белгілі бір нәрсе жайында соз болғанда, оның екі түрінің қалыптасқандығын аңғарамыз. Оның алғашқы түрінің аясында ғылыми аксиома ретінде алынған дәлелдемесі болуы мүмкін, немесе ғылыми тұрғыдағы тұтастыққа ие болғандықтан, ол заттардың өмір сүру себептерін түсіндіріп беру қасиетіне де ие болады.

Бұдан туындайтын ой: философияның тәжірибелік бөлімі белгілі бір жағдайда қол жеткізілетін мақсаттар немесе кез келген себепші заттарға байланысты айқындалған іс-әрекеттердің өзіндік жай-жапсарларын түсіндіріп береді.

Егер заттар жайындағы ғылым дәлелдемелі ғылым болып табылатын болса, онда ол ізгілікті діннің белгілеген іс-әрекетгерін бұрынғыдан да айқындай түседі.

Демек, философия ізгілікті діннің мазмұнының ақиқаттығын растайтын болғандықтан, оның жүйесіне тікелей қатысты ел басқару ісімен айналысу да философияға бағынышты да, байланысты да болып келеді.

6. Егер диалектика ерекше күшті дамыған интелектіні анықталған дәлелдермен немесе олардың көпшілігімен қамтамасыз етпеген, ал діни уағыздар көп жағдайларда сол айтылған уағыздардың өрісіне кірмейтін және диалектика қарастырмайтын түбегейлі мәселелерді негіздемеген жағдайда ізгілікті дін өз болмысында философияға тән болмай және діни қағидаларды тек философия арқылы түсінетін адамдарға арналмаған болып шығады.

Діннің қағидаларын танып-біле отырып, оны жан-дүниесімен қабылдаған адамдардың көпшілігі өзінің дінге берілгендігі мен табиғи көңіл күй жағдайына сай діни ұстанымдар ұсынып, белгілеген қағидаларды мүлтіксіз орындайды және оз жағдайына байланысты атақ-даңқ пен молшылықтың қадір-қасиетін білетіндер де осы көшке қосылады. Осы себептен де диалектика мен діни уағыздар азаматтардың діни көзқарастарын жетілдіруде, осы бір қасиетті діни қағидаларды олардың жан дүниесіне орнықтыруда ұлы қызмет атқарады.

Диалектика мен діни уағыздар алдамшы сөздермен және қисынсыз іс-әрекеттері арқылы азаматтарды адасушылықтан қорғайтын сенімді қақпан болып табылады.

7. Бірінші елбасына іс-әрекеттердің барлығын болмаса да, олардың денін нақты дәлелдеу мен шегіне жеткізу жүктеледі. Кей жағдайларда дәлелденген қағидаларды тегіс жетілдірудің қажеттігі болмай қалатын кездері де болады. Кейбір іс-әрекеттердің дәлелденіп немесе дәлелденбеуінің объективті себептері де болады. Олар төмендегідей болып келеді: алғашқы жағдайда күтпеген жерден соғыстың басталып кетуі немесе басқа шұғыл түрде қолға алуға тура келетін істердің туындауынан іс-әрекеттердің жиынтығын айқындау қажеттігі болмай қалады. Мұндай жағдайдың орын алуы елбасының өмірден өтіп кетуіне тікелей байланысты болады. Сонымен қатар елбасының мұндай істерді шешуіне мұрындық болатын белгілі бір қажеттілік туындап, өтініштер жасалғанда, немесе кейбір мәселені шұғыл түрде шешу қажет болғанда ғанa дайындайды. Сонда ғана ол қалыптасқан түрлі себеп-салдарлардың байыбына бара отырып өзінің іс-әрекетіне сай келетін заңдар шығарып, тәртіптер орнатады. Елбасы шешетін келелі істер оның мемлекетті басқару кезеңінде және ол басқарған елде туындамауы да ғажап емес. Сондықтан да сол елдегі өз уақытында шешілмеген кейбір келелі істердің елеусіз қалып та қоюы мүмкін, ал олар өз кезегінде қалыптасқан жағдайларға байланысты өз шешімін күтері сөзсіз. Міне, сонда елбасы қажетті мемлекеттік істерге байланысты заңдар шығарудың орнына, сол істерді нақты тұрғыдан шешудің жолдарын қарастыруда оз білімділігі мен ақыл-ойына арқа сүйейді. нәтижесінде алғашқы елбасының орнына келер ізбасарларының түпкілікті мәселелерді шешудегі қадамына даңғыл жол ашылады. Ең бастысы, жарық көрген заңдар атқарылатын істерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал белгіленген мақсатқа сай шешілмей қалған мәселелерді жүзеге асыру болашақ елбасының үлесіне тиеді. Өз кезегінде жаңа басшы зерделі көне саналылық сияқты қасиеттермен қарулана отырып, өз қызметінің бағдарламасын жасап, түрлі заңдар шығарады және оларды қала халқының игілігіне айналдырады. Ол өзінің қоғамдық істерін тыңғылықты ұйымдастырады, олар бойынша қажетті заңдар шығарады және олар бойынша болашақта жүзеге асар ауқымды проблемаларға да ерекше назар аударады. Өйткені, ол "өз орнын басар адам атқарылар істерді ойдағыдай жалғастыра алады" деген сенімнің жетегінде болады.

8. Егер елбасы өмірден өткеннен кейін, оның бастаған келелі істерін одан әрі жалғастыра алуға қабілетті орынбасары болса, онда ол кезеңде жүзеге аспаған келелі істерді өзінің басты назарында ұстайды және кез келген мәселені ойдағыдай шешудің тың жолдарын қарастырады. Ол сонымен қатар бұған дейінгі елбасы шығарған заңдарға өзіндік өзгерістер енгізеді. Ең бастысы, қабылданатын заңдардың замана талаптарына сай болуын қадағалайды. Ол мұндай қадамға барғанда, өзіне дейінгі болған елбасының қателіктерге бой ұрғандығын баса көрсетуді көздемейді, қайта ол басшының мемлекет мүддесіне сай келетін игілікті істерін одан әрі жандандыруды мақсат етеді. Сөйтіп, кезінде жүзеге аспаған, бірақ сол кезеңдегі замана талаптарымен өзара үндестік табатын басты міндеттердің ойдағыдай жүзеге асуына мүмкіндік туады.

Сонымен қатар екінші елбасының орнын басқан үшіншісі де, одан кейінгі төртіншісі де қандай істі шешуде де көрегендік танытып, өз билігі кезінде шешілуге тиісті мәселелермен қатар өз орынбасарлары үшін әлі де болса анықталмаған мәселелерге де үлкен мән беруі қажет. Міне, сондықтан да елбасы өзінің алдындағы немесе өзінен кейінгі елбасыларының мемлекеттік істеріне мәнді өзгерістер енгізеді, өйткені алдыңғы оның алдындағы әмірші де көзінің тірісінде дәл осындай әрекеттер жасаған болар еді.

9. Ал өздерінің шыдамдығымен ерекшеленген ізгі ниетті ел билеуші көсемдердің өздеріне сай келетін ізбасарлары болмаған жағдайда, билік басына келген көсем алдыңғы жол салушы билеушінің кезінде қалыптасып, уақыт сынынан өткен тәртіптерді сол қалпында сақтауға тырыса отырып, қарама-қайшылықтарға жол бермегені абзал. Ол өзіне беймәлім, түсініксіз жағдайларға тап болған сәттерінде, өзіне дейінгі елбасының дәл мұндай әрекеттерге бару себептерінің сырын ашуға тырысады. Мұндай жағдайда ол фикх /2/ жасауы қажет. Сөйтіп, соның нәтижесінде әрбір адам тіпті шариғаттың өзі де қарастырып, анықтамаған заттардың кейбір қасиеттерін танып-білуге мүмкіндік алады. Мұндай өмірлік айқындамалар шариғатты құрастырушының барлық діндерге байланысты белгілеген мақсаттарына да сай келуі қажет болар. Әз кезегінде мұндай игі мақсаттар халықтың мүддесі үшін шығарылған заңдар арқылы жүзеге асып отырады.

Ізгілікті діннің көзқарастарын анықтап және оларды тексеруге болмайды, өйткені ізгілікті діннің өзі де табиғатыңа сай ізгілікті қағидаларды ез бойына сіңіре де біледі. Дәл осылай ойлаған әрбір адам заңдар мен фикхтың тамаша білгірі болып саналады.

10. Ал көзқарастар мен іс-әрекеттердің анықтамасын енгізген жағдайда фикх түрлі көзқарастар мен іс-әрекеттерге байланысты екі бөлімге бөлінеді. Факих /3/ шариғатты құрастырушы адамның іс - қылықтарын айқындауға байланысты жариялаған қағидаларының негізінде іс - қылықтарға байланысты жинақталған білімді жете игереді. Сөйтіп, іс - қылықтарды айқындау шариғатты құрастырушының діни қағидаларына немесе оның жеке басының қылықтарына байланысты жүзеге асырылады. Демек, адамның өмірдегі әрбір қадамы осы қағидаларға сай болуы керек.

Егер факих өз заманының талабына сай келетін шариғатпен таныс болса және шариғаттың кейбір өзгерген қағидаларынан хабардар болса, ол бұл мәнді өзгерістерге сүйене де білуі керек.

Егер ол алғашқы елбасының уағыздарының мән-мағынасы мен азаматтардың ұстанатын салт-дәстүрлерінен толық дар болса, онда өз заманының талаптарына сай заттардың белгілерін анықтауға мүмкіндік алады және бұл анықтамаларды кейіннен өзіндік белгілері бар басқа да заттарға қолданыс таба алатындығына көз жеткізеді. Бұл орайда алғашқы берілген анықтамаларды бойына сіңірген заттарды да естен шығармаған дұрыс болып табылады.

Сонымен қатар кейбір заттардың өз аттарынан басқаша да аталатындықтарын да ескерген жөн болар. Бұл жағдайда белгілі бір атқа ие болған заттың мән-мағынасын тез арада түсінуге толық мүмкіндік аламыз. Оның тағы бір пайдасы — зат жайында мағлұмат берушінің не айтқысы келетіндігін және оның негізінен және жалпы тұтастай алғанда қандай тиімді әдістерге жүгінгендігін түсінушілікке тез арада қол жететіндігі.

Белгілі бір зат туралы мағлұмат беретін адамның затқа байланысты қолданған аты негізінен және жалпы тұтастай алғанда сол заттардың тек қана өздеріне ғана тән белгілерінен хабардар етеді. Оның арқасында факих салт-дәстүрлерге жататын істердің қанығына жете түсінуге мүмкіндік алады.

Сөйтіп, ол затқа ат қою арқылы заттардағы қажеттілік пен қажетсіздіктің өзара ұқсастықтары мен айырмашылық арын түсіне білу қабілетіне ие болуға, оның табиғи қасиеттері жайындағы мәліметтердің құндылықтарын айқындауға жөне шариғатты құрастырушының бұл жайында айтқан ойларының мән-мағынасын ой елегінен өткізуге мүмкіндік алады.

Егер ол шариғатты құрастырушыны көрмесе, не болмаса оның айтқандарынан бейхабар болып, оның өмір сүрген заманының төл пендесі бола алмаса, одан қалды оның ізбасарларымен қарым-қатынастар жасамаса, немесе ол жайындағы мәліметтерден мүлде хабарсыз болса фатих толыққанды ойларын жеткізе де алмайды. Бұл мәліметтер жазылып, жазылмағандығына қарамастан әрі белгілі, әрі тексерілмеген мәліметтер болып шығады.

Көзқарастар жүйесімен жан-жақты айналысатын факих адамның тіршіліктегі іс-қылықтарымен шұғылданатын факихтың біліп - түйген тұжырымдарынан да хабардар болуы қажет.

Адамның іс - қылықтарының фикхы азаматтық заңдылықтарды қамтитын болғандықтан, фикх — азаматтық ғылымның бір бөлігі болып табылады және тәжірибелік философияның құрамына кіреді. Іс - қылықтар фикхы теориялық философияның құрамына кіретін белгілі бір бөлігін, немесе теориялық философияға жататын заттардың абстракциясын қамтиды. Демек, фикх — теориялық философияның бөлігі болып табылады және теориялық ғылымның құрамына (құрамдас бөлігі) кіреді.

11. Азаматтық ғылым ең бірінші кезекте бақыт дегенннің не екендігін зерттейді: ал бақыт атаулының екі түрі болады. Оның алғашқысы — сырттай қарағанда бақыт болып көрінгенімен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып табылмайтын түрі. Ал екіншісі — өзінің мәнділігімен ерекшеленіп, ешқашанда айырбастауға болмайтын шынайы бақыт. Бұл дүниеде де, о дүниеде де жүзеге аспайтын бақытты — шектелген бақыт деп атаймыз. Ал сырттай қарағанда бақыттылықтың сипаттары болғанымен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып саналмайтын бақыттың түрін байлықпен, шат-шадыман өмірмен, атақпен, даңқпен және дүниеқұмарлыққа бой ұрушылықпен теңестірілгеңдіктен оны халық игілігі деп те атайды.

12. Одан кейін азаматтық ғылым танып-білу және үлгі өнегелілік мақсатында адамның қылықтарын, өмір салтын, әдет-ғүрыптарын, мінез-құлықтарын, ерік-жігер қабілеттерін зерттейді.

13. Одан кейін азаматтық ғылым осы аталған қасиеттердің барлығына да ие болып, оны толықтай ұстана білуге бірде-бір адамның қол жеткізе алмайтындығын анықтайды. Шындығында да, олар бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігінде кеңінен көрініс тауып, өмірдің сан салаларында қолданысқа түседі. Азаматтық ғылымның пайымдауынша, егер осы аталған қасиеттер адамдар арасында кеңінен таратылған жағдайда, олардың тым болмаса бір түріне ие болған адам, басқа да қасиеттерімен ерекшеленетін екінші бір адаммен де өзара байланыста болады. Дәл осы сияқты екінші адам да басқаша өзіне ғана тән қасиеттерді жинақтай білген үшінші адаммен өзара байланысқа түспей тұрып, өз бойына жинақтаған қасиеттерін барынша пайдалана да алмайды.

Сонымен қатар, қоғамда өзіндік қасиеттерге ие болатын әрбір қоғам мүшесімен қарым-қатынас жасамай тұрып, өзінің алдына қойған мақсатына жете алмайтын адамның болуы да әбден мүмкін. Оның айқын дәлелі мынандай. Мысалы, егіншілік кәсіппен шұғылданған диқан ағаштан осы кәсіпке қажетті ағаш құралдарын жасайтын ағаш шеберімен, немесе өмірден жасалған құрал-саймандармен қамтамасыз ететін ұстаман, одан қалды өгізді өсіретін бақташымен бірлесіп, кәсіптік қарым-қатынастарда болмаса, ол адам өз ісінің жемісін тата да алмайды.

Аталған ғылым саласы (азаматтық ғылым) сан алуандығымен ерекшеленетін белгілі бір іс-әрекеттер мен ерік-жігер қасиеттер және олардың сан алуан түрлері үлкен қауым мүшелерінің немесе оның үлкен топтарының арасында таралмаса, өз мақсаттарына жете алмауы да мүмкін екендігін дәлелдеп береді.

Адам денесінің бірқалыпты қызмет атқаруында оның дене мүшелерінің бір-бірімен тығыз байланыста болуы қандай табиғи қажеттілік болса, қауым алдындағы ортақ мақсатқа кетуде қауымның өрбір тобы да, басқаларымен қалыптасқан қарым-қатынастарды жан-жақты дамыта білуі де өмірлік сұраныс болып табылады. Сондықтан да, қауым мүшелері бір-бірімен көршілес тұрғандары дұрыс болар деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда олардың мекен жайлары да көршілес орналасады. Өз кезегінде қауымдар мәдениетті, мәдениетсіз жөне т.б. түрлерге бөлінеді.

14. Азаматтық ғылым үй-жайын салып, бүл өмірде игілікке қол жеткізіп және о дүниеде де шынайы бақытқа кенелуге себепкер болатын қалалар мен түрлі өлем халықтарының арасында қалыптасып, таралған өмір салтының, салт-дәстүрлер мен қабілеттердің аталған қасиеттерден ада өмір салтынан, салт-дәстүрлерден және қабілеттерден елеулі айырмашылықтары да бар екендігінен хабардар етеді.

Шексіз бақытқа жетуге дәнекер болатын өнегелі өмір салты, салт-дәстүрлер мен ерік-жігер қабілеттері өздерінің мән-мағынасы жағынан шынайы әдемілік пен ізгіліктің, игіліктің қайнар бұлағы болып табылады.

Ал мүлде қарама-қарсылық сипатында жасалынатын қылықтар мен қабілеттер сырт көзге ізгілікті және әдемі болып көрінгенімен де, шын мәнісінде мұндай қасиеттерден жұрдай болып келеді. Оларды зұлымдықтың санатына кіргізетіндігіміз де осы себептен болар.

14 а). Азаматтық ғылым жекелеген қалада немесе қалаларда, белгілі бір халық пен түрлі халықтардың арасында тараған қылықтар мен қабілеттер өзара түсіністік аясында қалай қолданылатындығын түсіндіріп береді. Мұндай жағдай бұл қылықтар мен қабілеттер ынта-жігерді қолданумен қатар оларды тұншықтырып, өшірмей қоғам өміріне берік орнықтыруды мақсат еткен билік кезінде орын алады.

Мұндай өмір салты мен қабілеттерді сақтай білуді барынша дәріптеуге мүмкіндік туатын билік кезінде белгілі бір кәсіппен айналысудағы қабілеттілік пен күш-қуаттың арқасында туындайтын іс-әрекеттерді бұл қасиеттер нығайтып, одан әрі арттыра түседі.

Мемлекеттік келелі істерді жүзеге асыру билеушінің құзырында болғандықтан, олармен тек қана ел билеушінің өзі айналысады. Оның қызметінің басты саласы — саясат болып табылады. Оның аясында жоғарыда аталған тұрмыс салты мен қабілеттерді қалалар мен халықтар арасында орнықтырып және оларды көздің қарашығындай сақтауға мүмкіндік беретін харекеттер жүзеге асырылуы қажет. Өз кезегінде саясат харекеттердің сипатын жете білуді қажет етеді. Сонда ғана қылықтар мен қабілеттерді жетілдіріп, ал одан кейін оларды тұрақтандыруға мүмкіншілік туады.

Шексіз бақытқа қол жеткізуге және оны барынша сақтай білуге мұрындық болатын өмір салты мен қабілеттерді ойдағыдай дамыта алатын билік — ізгілікті билік болып табылады. Олармен айналысу ізгілікті қызмет санатына жатады. Мұндай саясатпен айналысушы қала мен халық ізгілікті қала мен халық болып есептеледі. Ал осы қаланың немесе халықтың бөлшегі болып табылатын әрбір адам ізгілікті адам дәрежесіне жетеді.

Алайда өзінің басты мақсатын нағыз шексіз, тек қана шексіз бақытқа жетуді мұрат тұтпай, сырттай қарағанда, халыққа игілікті болып көрінетін шексіз бақыттың кейбір көріністерін жүзеге асырумен ғана шектелетін билікте ізгілікті сипат бар деп айта алмаймыз. Сондықтан да оларды білімсіз, көргенсіз саясат немесе іс-әрекет деп қарастырамыз. Олай дейтініміз, тіпті ежелгі заманның адамдарының өздері де патшалар ізгілікті биліктің жаршысы болулары керек деп санаған.

Мәдениетсіз қылықтар мен қабілеттерге жол беретін қала мен халықты мәдениетсіз қала мен халық деп атайды. Бүл қаланың бөлшегі болып табылатын тұрғылықты адам да, өзінің жағымсыз қасиеттеріне қарай мәдениетсіз, білімсіз адамдар қатарына қосылады. Дәл осындай сипаттағы билік қалалар мен халықтар арасында атаққұмарлық, әйелжандылық немесе тілемсектік пен тойымсыздықтан туындайтын жаман қасиеттердің белең алуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Ізгілікті қаланың кейбір тұрғындары өздерінің не болмаса басқалардың еріктері бойынша, дәл осындай қалаларды қоныстануы да мүмкін. Бірақ, жануардың бір түріне екінші жануардың аяғын әкеліп салған сияқты ізгілікті қаланың кез келген тұрғыны мұндай жерде өзін мүлде жат сезінеді. Өз кезегінде ізгілікті қалаға қоныс аударған мәдениетсіз қаланың адамы да дәл осындай көңіл күйді басынан кешірері сөзсіз. Ол жануардың, жануар болғанда ізгілікті жануарға айналатындай жағдайға душар болады. Міне, сондықтан да мәдениетсіз қалада тұруға мәжбүр болған ізгілікті азаматтар, адамгершілік қасиеттердің таяздығына байланысты, ізгілікті қалаға қоныс аударуға дайын тұрады.

14 Ізгілікті ел билеушілік бір-біріне тән екі түрге бөлінеді. Алғашқы сипаттағы билік кезінде ең бірінші кезекте бұрынғы кезде орын алмаған болса, қалада немесе халық арасында ізгілікті өмір салты мен қабілеттер барынша орнықталады, сөйтіп қала мен халық надандық өмір салтынан ізгілікті өмір арнасына бет бұрады. Кімде кім елді дұрыс басқара білсе, сол бірінші басшы болып саналады. Біріншіге жатқызылатын билік барысындағы жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің баршасы оның табиғатына тән болады. Мұндай басшыны сунна бойынша басқаратын басшы, билеуші деп атайды және басшылық қызметі сунна бойынша жүзеге асырылады.

Ел басқарудың алғашқы ізгілікті сабағы қалалар мен халықтар арасындағы ізгілікті тұрмыс салты мен ізгілікті қабілеттерді орнықтыруды, оларды жан-жақты насихаттауды және мәдениетсіз әмір салтының келеңсіз көріністерінен сақтануды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерден тұрады. Ал соңғы аталғандарды ізгілікті қаланың жоюға міндетті дерттері деп те қарастыруға болады. Ізгілікті сабақты адамның денсаулығын нығайтып, оны сақтай білу арқылы түрлі ауруларға қарсы тұра білетіндей жағдайға жеткізетін білімді меңгере білген медицина сабағымен салыстыруға да болар.

14 б. Ғылымның пайымдауынша, әрбір дәрігер дұшпандыққа қарсы дұшпандықты, ыстыққа — суықты, сары безгекке — сұлының немесе тамаринданың суларын қарсы қоя білуі қажет. Бұл аталған үш қағида басқаларға қарағанда әлдеқайда жалпылама сипатта болып келеді. Жоғарыда аталғандардың ішіндегі ең жалпыламасы — "дұшпандыққа қарсы дұшпандықты қарсы қою керек" деген, ал жекеше сипаттағы — "сары безгекпен сұлының суы арқылы күресу керек" деген қағида болып табылады. Ең соңында "ыстыққа суық қарсы тұрады" деген қағида жалпылама мен жекешенің бел ортасынан орын алады.

Дәрігер жекелеген немесе қарапайым адамдарды емдегенде оның түрлі жолдарын қарастырады. Мысалы, сары Зейда безгегін емдегенде дәрігер "дұшпандыққа қарсы дұшпандық" деген қағиданы және сары безгекті сұлының суымен емдеуге болатындығын білуімен қанағаттанып қана қоймай, өзінің кәсібіне байланысты игерген жеке білімінің көмегі арқылы Зейда безгегі ауруының себеп-салдарларын анықтай да білуі керек. Қалай болғанда да дәрігер сары безгекке қарсы ем қолдану алдында сырқатты жан-жақты бақылауға алуы керек. Мүмкін, ауруға ем қолданбастан бұрын суық пен дымқылдалық жағдайды қолдану, не болмаса сұлының суына басқа қажетті заттарды қосып, араластыру керек болар және т.б. Ал сұлының суын құю керек болса, оны қандай мөлшерде және қай уақытта қүю керек екендігін ғана емес, сонымен қатар сырқат адамның арық-семіздігіне сай дәрі мөлшерін тағайындауды, тіпті күннің белгілі бір уақытын есепке ала отырып, Зейда безгегімен ауырған адамның хал-жағдайы да жан-жақты ескеріледі.

Осыдан кейін дәрігер сұлының суын қандай мөлшерде, қай уақытта қолдану керек екендігін мөлшерлеумен қатар, оның сапасын да анықтайды. Ауруды емдеудің мұндай жолдары сырқат адамды мұқият тексерістен өткізгеннен кейін ғана қолданыс таба алады. Емшінің ауру түрін анықтауы (емдеуі) сырқатқа шалдыққан адамның ең алғашқы кездегі хал-жағдайына (осы арада әңгіме Зейда безгек ауруы жайында болып отыр) тікелей байланысты болып келеді.

Ғылымның түсіндіруінше, тағайындалған емдік тәсілдерді қолдану кезінде әрбір дәрігер өзі оқып-тоқып, соған көңілі толған медициналық еңбектерден ғана мағлұмат алу жөне медициналық кітаптардағы біртүтас және жалпылама қағидаларға ғана сүйену науқас адамның ауруынан толық айығуына мүмкіндік бере қоймайды. Нағыз емшілік қабілет жеке жағдайларға байланысты тәжірибе барысында туындайтын емдік шараларға, қарапайым адамдарды сауықтыру кездеріне, ауруға шалдыққан адамдарды бақылау мерзімінің ұзақтығына және оларға көмек беретін дәрігердің белгілі бір уақыт ішінде жинақтаған емшілік тәжірибесіне байланысты қалыптасады.

Сонымен, бағалы өмірлік тәжірибе өз мамандығын толық игеріп, емдік тәсілдерден толық хабардар болып, төмендегі көрсетілетін екі қасиетке ие болғанда ғана ойдағыдай жүзеге асады. Ол қабілеттердің біріншісі — өз кәсібінің қыр-сырлары мен оның тұтастық қасиетін танып-білу және еш нәрсені назардан тыс қалдырмай өз тәжірибесін одан әрі байыта түсу де, ал екінші қабілет — өз мамандығын жетілдіре отырып, белгілі бір уақыт ағымында ауру адамдарды емдегенде қол жеткізетін қабілет болып табылады.

14 в. Бұдан туындайтын ой: алғашқы ел билеушінің ісі де дәл осындай сипатта болып келеді. Ең бірінші кезекте мемлекеттік істерге жалпы заттар кірістіріледі және олардың баршасын жете білуді қамтитын харекеттермен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ол біршама уақыт өткеннен кейін, бақылау мен тәжірибе арқылы келген қабілетке де ие болуы керек. Ал бүл жағдай іс-әрекеттердің санын, сапасы мен уақытын анықтауға жол ашып береді. Мұндай жетістіктерге әрбір қалада, өр халықтың ішінде, тіпті әрбір адамның бойында туындаған барлық мәселелерге байланысты жетуге болады.

Қарама-қайшылықтардың орын алуына байланысты ел басқару кезіндегі харекеттер екі жақты болып келеді. Мен бүл арада белгілі бір қаланы, белгілі бір халықты және белгілі бір адамды айтып отырмын. Бір адамның басқа адамға байланысты қолданатын іс-әрекеттерінің жағдайын, оның әрбір қалада, әрбір қауымда немесе жеке жағдайда көріп түйгендерін, немесе әр адамның белгілі бір қала немесе халықпен жүздескен кездеріндегі алған әсерлерін айқындауға көмек беретін күшті ежелгі адамдар ой-пікір деп атаған. Бүл күшке шұғылданған кәсіптің жай-жапсарын жан-жақты біліп, оны ойдағыдай игеріп қана қоймай, адамдармен қарым-қатынастар жасау барысында жинақталған мол тәжірибені кеңінен қолданудың арқасында ғана қол жеткізуге болады.

15. Философияның саласы болып табылатын азаматтық ғылым іс-әрекеттерді, өмір салтын, жігерлілік және тағы да басқа қасиеттерді түбегейлі зерттеумен айналысады және оларға ғылыми тұрғыдан сипаттамалар береді. Алайда азаматтық ғылым жасаған анықтамалар жоғарыда аталғандардың белгілі бір бөлігін, белгілі бір мөлшерін ғана қамтиды. Ал бұл ғылым саласына жатпайтын қағидаларды айқындау басқа да ғылым салаларының үлесіне тиеді. Шындығында да, іс-әрекеттерді жан-жақты айқындау — философиядан да басқа толып жатқан ғылым салаларының бірлескен ғылыми қызметінің нәтижесінде ғана ойдағыдай жүзеге асырылады. Оның үстіне философия қамтымайтын, бірақ өзге ғылымдар тұрғысынан да зерттеп - білуді қажет ететін шексіз толып жатқан жағдайлар мен қағидалардың бар екендігі де ескерілуі қажет.

Ғылым екі бөлімнен тұрады. Оның бір бөлігі түрлі қалалар мен халықтарға тән және шын мәнісінде де солай болып көрінетін бақытты іс-әрекеттерді, өмір салтын, әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықты және қайрат - жігерлілік қасиеттер жиынтығын танып-білуді қамтиды. Бұл жағдайда қалалар мен халықтардың ізгілікті және ізгіліксіз бейнелері де белгілі болып қалады.

Ал екінші бөлім ізгілікті іс-әрекеттер мен қабілеттерді орнықтырып, қала тұрғындарының арасында кеңінен насихаттап, енгізетін және оларды кездің қарашығындай сақтап, одан әрі дамытуға даңғыл жол ашатын іс-әрекеттерді танып - білуді қамтиды.

16. Одан кейін бүл ғылым ел билеудің ізгіліксіз әрекеттерінің түрлерін, олардың сандарын жіктейді. Сонымен қатар өз мақсатына жету үшін, осы биліктің құзырындағы қала халқының көмегімен дәл осындай ел басқару әрекеттерінің әрқайсысы жүзеге асыратын істеріне де нақты сипаттама береді.

Одан әрі бұл ғылым саласы өзінің табиғаты жағынан ізгілікті болып саналмайтын іс-әрекеттер, өмір салты мен қабілеттер ізгілікті қалалардың жаулары болып табылады деп түсіндіреді. Өз кезегінде мұндай өмір салты мен саясат ел билеудің ізгілікті қызметі мен іс-әрекеттерінің де жауларына айналады. Ал ізгіліксіз қалаларға тән іс-әрекеттерге, өмір салтына және қабілеттерге келетін болсақ, олар да ізгілікті қалалардың жауы болып саналады.

17. Одан әрі кей кездерде ел басшылығы мен ізгілікті қалалардағы қалыптасқан өмір салтының неліктен ізгіліксіз өмір салты мен қабілеттерге айналып кететіндігінің және сонымен қатар бүл қолайсыз үрдістердің қалыптасып, пайда болуының себептері мен бағыттарын да айқындап, ғылыми тұрғыдан жіктейді.

Ғылым сонымен қатар мемлекеттік істер ізгіліксіз сипат алап, кері кетіл, теріс бағыт алып кетпес үшін ізгілікті қалалар мен халықтар жүзеге асыратын іс-қимылдарды да жіктейді және оларды танып-біледі. Дәл осындай келеңсіз көріністер орын алып, ізгілікті қалалар мен саясаттың мән-мағынасы бұзылған жағдайда, оларды ақиқат пен парасаттылыққа қайтадан апаратын жолдарды да тандап, танып-білуді де, жіктеуді де басты назарында ұстайды.

18. Осыдан кейін барып қана, ғылым ел билеу барысында қолданыс табатын ең алғашқы ізгілікті әрекеттердің бұл кәсіптің тұтастық қасиеттерін толық білмей тұрып, теориялық философияға сүйенбей тұрып және терең ғылыми парасаттылыққа жүгінбей тұрып, мақсат еткен ең басты нәтижесіне жете алмайтындығынан да хабардар етеді.

Парасаттылық дегеніміз — қала халқына, қалалар мен қауымдарға тікелей қатынасты іс-әрекеттер барысында жинақталған өмірлік тәжірибелер арқылы сипатталатын ерекше күш болып табылады.

Парасаттылық әрбір қауымның, әрбір қала мен халықтың белгілі бір қысқа жөне шектелген ұзақ уақыт шеңберіне, одан қалды ерекше бір дәуірге қатынасты іс-әрекеттерді, өмір салты мен қабілеттерді айқындауға мүмкіндік беретін ізденістердің нәтижелілігіне жол ашып береді. Сонымен қатар ол қалаға, халыққа, қауымға не болмаса кездейсоқ туындаған жағдайларға тікелей қатысты іске асырылуға тиісті әрекеттерді де айқындап береді.

Парасаттылық дегеніміз — ел билеудегі алғашқы ізгілікті қызметтің өз бойына жинақтаған қасиеттері болып табылады. Біріншіден кейін жалғасатын сунна бойынша жүзеге асырылатын ел басшылығына тоқталатын болсақ, ол философияны оншама қажет етпейтін де сияқты болып көрінеді.

Ғылымның пайымдауынша, ізгілікті қалалар тұрғындарына ең пайдалысы мен ең ізгіліктісі — алғашқы болған билеушінің алдын ала белгілеуі бойынша, басшыларды белгілі бір уақыттан кейін, бірін-бірі ауыстырып отыруы болып табылады.

Ғылым бірін-бірі ауыстырған басшылардың баршасының өз бойларына ізгілікті қасиеттерді барынша жинақтай білулері үшін, қандай әрекеттер жасау керектіктеріне де баса назар аударады.

Ғылым қала басшыларының бойынан ізгілікті қасиеттерді іздестіре білудің қажеттігін де түсіндіріп береді, өйткені мұндай жағдай әкесінің жолын қуып, оның орнын басар-ау деген үміт оты тұтанғанда орын алады. Ғылым сонымен қатар ізбасарды жан-жақты жетілген нағыз ел билеуші дәрежесіне жеткізу үшін, оның үлгілі ортада өсуін қадағалай отырып, оны қалай тәрбиелеу керектігін, қандай қоғамдық пайдалы істерге үйрету қажеттігін көрсетіп береді.

Ғылым сонымен бірге мәдениетсіздікке, надандыққа жол берген ел билеушілерінің өздерінің мемлекеттік қызметінің қыр-сырларын танып-білуге оншама құштарлық танытпайтындығын және философиямен шұғылданбайтындығына да баса назар аударады. Бірақ олардың қай-қайсысына болмасын қала өміріне байланысты өзіндік мақсаттарына қол жеткізуде, ел билеу қызметі барысында жинақтаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйенуге тура келеді. Сонымен мұндай билеуші жағымсыз және зұлымдық қасиеттерімен ерекшеленетін іс-әрекеттердің көмегімен бұлыңғыр ізгілікке жеткендей сезінеді. Қалыптасқан жағдайға сай ол өзі жинақтаған тәжірибемен қатар, қала халқы басшылыққа алатын іс-әрекеттерге де ден қоюға мәжбүр болады. Ол өз бойындағы тәжірибені жинақтауға дәнекер болған және оған араласқандардың, одан қалды дәл осындай мақсатты көздеген бұрынғы ел басшыларының қалыптасқан тәжірибелеріне де сүйенеді. Ол өзінің тоқып - түйген қабілетіне сай уақыт сынынан ойдағыдай өткен тәжірибелерге еліктеуге барынша тырысады. Сөйтіп, өз бойындағы қасиеттерге байланысты жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеке басының жағымсыз, зұлымдық жөне айлакерлік бет-пердесін аша түсетін істерді жүзеге асырып отырады.

19. Осыдан кейін, ғылым әлемдегі барлық заттардың қасиеттерін түсіндіреді. Мұндай ғылыми түсінік жер жүзіндегі ең қарапайым заттардан басталады. Олар — өз болмысында басқаларды басқара алмайтындар қатарына жатқандықтан да, жоғарыдағыларға қызмет етуді ғана місе тұтады, яғни басқарушылық жұмыстармен ойдағыдай айналыса да алмайды. Олардың қатарынан жарастырушылықсыз-ақ басқаратындар бөлініп шығады, ал олар өз бағыныштыларына жақынырақ болуға тырысады.

Ғылым ел билеудің сатыларын да және оған қажетті өлшемдерді де анықтап береді. Басшылықты қолға алу шын мәнісінде жеткіліксіз, ал табиғи органдар мен күштер өздерін басқара да алмайды. Сондықтан, олар өздерін ойдағыдай басқара алатын басқа органдар мен күштерді қажет етеді. Ол аз болғандай, оларды әрі басқаратын, әрі тәрбиелей білетін басшылықтың қажеттігі де байқалып қалады.

Келесі сатыдағылардан біртіндеп дәл осыларды басқаруға қабілеті бар адамдар бөлініп шығады. Ғылым олардың ел басқарудағы сатыларын да және ел билеудегі алатын орындарын да анықтайды. Мұндай талпыныс басқалармен салыстырғанда мәндірек болғанымен де, шын мәнісінде әлі де болса толыққанды билік санатына жата қоймайды. Ғылым осы айтылғандарға қоса тәжірибелі ел билеуші шыққанға дейін, табиғи күштер мен органдардың өздерін басқарып кете алмайтындықтарына да баса назар аударады. Осы себептен де болар, олардың әрқайсысы өздерін тәрбиелеп басқара алуға қабілетті өзге органдар мен күштерді қажет етеді.

Өз кезегінде жоғарыда аталғандардың қатарынан да біртіндеп басшылыққа қабілеттілер бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға дейінгі заттардың парқын айқындау үрдістері жүзеге аса бастайды. Соның нәтижесінде басшылық жүйесі толықтай жетілу дәрежесіне жетеді.

Сонымен бір жетістік біртіндеп реальды жетістікпен үндестік тауып, одан әрі дами түседі. Ғылым ең жоғарғы сатыға біртіндеп даму барысында жетілген ел билігіне жету үшін, төменгі сатылардың белгілі бір мөлшерін сақтау қажеттігін де түсіндіріп береді. Ал әрбір нақты сатылардың дамуы барысында дамымаған сатылардың саны барған сайын азая түседі.

Ғылым осыдан кейін заттардың бүл қасиеттерінің жекелік және көпшілік сипатына да көңіл бөледі. Жоғарыда суреттелген кемелділікке жетудің басты жолы — үздіксіз процесс екендігіне көз жеткіземіз. Ел билеудің кез келген сатысы өзінің кемеліне жеткенше жан-жақты даму үстінде болады. Ал ең жоғарғы сатыға көтерілу тек қана "Жекеше" мәнді тұлғаға ғана байланысты болып келеді.

Ол қайталанбас қасиеттерімен ерекшеленгендіктен де құдіретті. Бұл өмірде Одан артық билеушінің болуы да мүмкін емес, тіпті "Оны" тәрбиелейтіндей дәрежеге ешкім де жете алмайды. Болмыста Одан басқаның барлығы да басқарылады. Тіршілікте кездесетін пендешілік кемшіліктерден "Ол" мүлде ада болып келеді. Одан асқан ізгілік те, жетілу де болмақ

217-5 емес. Одан басқалардың баршасының бойларында кемшіліктер, сөзсіз, кездесіп отырады. Оған ең жақын саты — ең жетілген саты, бірақ "Оның" жеткен сатысына ешкім де жете алмайды.

20. Реалды саты азайып, жетілу барысында ол (реалдылық) өзінің шыңдалу шегіне жетеді. Міне, сонда ғана оның іс-әрекеттері қызметшілік сипатқа ие болады. Болмыста ештеңеге де жарамайтын заттар болмайды және ондай заттардың іс – әрекеттері басшылыққа тән іс - әрекеттерге айнала да алмайды.

Ең көне, ең алғашқы даралықтан асқан, одан да жетілген заттың болуы мүмкін емес. Сондықтан оның жасаған іс - әрекеттері қызметшілер жасаған іс-әрекеттерге мүлдем ұқсамайды десе де болады. Аралық сатыға ие болған өрбір зат бірінші билеушіге риясыз қызмет жасайды. Сонымен қатар ғылымның арқасында заттардың өзара қарым-қатынастары мен байланыстарынан да, олардың өздерінің табиғаты мен іс-әрекеттерін ретке келтіру әрекеттерінен де толыққанды мәліметтер аламыз. Дүниедегі заттар өздерінің сан алуандығына қарамастан, олардың барлығы да "Даралық тұлға" үшін бір заттай болып көрінеді және өздерінің жинақтаған табиғи қасиеттеріне байланысты бүл дүниеде алатын сатыларының шамасын айқындау да, одан қалды ел басшылығы мен қызмет етушілік барысындағы қалыптасатын іс - қылықтарды бағалау да оның еркінде.

21. Ғылым бүл қағидаларды адамның рухани күштеріне де қолданылады.

22. Ғылым бүл қағидаларды дене мүшелеріне байланысты да кеңінен қолданып отырады.

23. Одан әрі ғылым бүл қағидаларды ізгілікті қалаға байланысты пайдалана отырып, осы бір игі қасиеттерді өз бойына сіңіре білген ел билеуші мен бірінші басшы қалай болғанда да, бізді қоршаған тылсым дүние мен болмыстың иегері де, қамқоршысы да болып табылатын Алла Тағалаға бір табан болса да жақындай түсетіндігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп береді.

24. Сонан соң ғылым өздерінің іс-әрекеттері елді басқаруға емес, тек қана барынша қызмет етуге бағышталған қалалар мен қауымдар тұрғындарының түрлі сословиелерінің сатыларының ара жігін де айқындай түседі. Өйткені олардың қайрат-жігерлік қасиеттерінің аясы қызмет етуге болмаса, билік жасауға мүмкіндік бермейді.

Ал аралық сатыдағы қауымдарды басқалар басқарады және олар өздерінен жоғары тұрғандарға риясыз қызмет етеді.

Ел билеушінің сатысына жақын тұрғандардың іс-әрекеттері басқалармен салыстырғанда әлдеқайда жетілгендіктен, олар жетілген басшылыққа жақындау болады және мұндай жағдайда олардың басшылықтың жоғары сатысына жетуге деген талпынысы сәтті аяқталып отырады.

Ғылым бұл іс-әрекеттердің басшылық жасауға икемділік танытқандарға ғана тән екендігін, сол себептен де олар қызметшілер қатарынан орын ала алмайтындықтарын да көрсетіп береді.

25. Сонан соң бірінші сатының қызметшілер сатысынан біртіндеп дамуы аңғарыла бастайды. Бұл үрдістер басшылық сатысына жақын тұрғандардың жоғары сатыларға жақындай түсуге деген ынтасымен сипатталады. Төменгі сатыдан жоғарғы сатыға жалғасатын мұндай ілгерілеу жолы қала басшысының сатысына жеткенше өзінің заңды жалғасын тауып отырады.

26. Сонан соң барып қана басшы сатысынан бірінші басшы мен ізгілікті қаланың басшы қызметкерлеріне ақыл-кеңестер беріп отыратын дін қызметкерлерінің сатысына көтеріледі. Діндарлар барша халықты қасиетті дін жолына салады, олардың риясыз қызметінің арқасында Алла Тағаланың шексіз мейірімділігінің қайнар бұлағы ашылады және қаланың бірінші басшысы да оның нұрлы шапағатын сезіне алатындай халге жетеді. Бұл саты — діни адамдарға тән саты болып табылады.

27. Дәл осындай бағыттағы біртіндеп даму үрдісі Аллаға жақын сатыға жеткенше бірде-бір толастамай, өз жалғасын таба береді. Алланың әрбір қасиетті сөзі әрдайым дәріптеле берсін!

Ғылым Алланың салып берген ізгі жолы мен ол меңзеген игі қасиеттерге бірінші ел басшысының қалайша ие болатындығына да көңіл бөледі. Соның нәтижесінде ол құдіреті күшті Алланың сыйлаған қадір-қасиеттері арқылы бүкіл қаланы, халықты немесе халықтарды ойдағыдай басқару қабілетіне ие болады. Осындай жағдайда ғана бірінші басшының билігі мәнділікке ие болып, орнатылған тәртіптер жүйесі қала өмірін жан-жақты қамти бастайды.

Ғылым құдіреті күшті Алла бүкіл әлемді қалай басқарса, ізгілікті қаланы да дәл осылай басқаруға болатындығын түсіндіріп береді. Шапағаты мол Алланың әлемді басқаруының ізгілікті қаланы басқарудан айтарлықтай айырмашылықтары болса да, олардың арасында тамаша үндестік бар екендігі ақиқат болар. Дәл осындай жарасымды үндестіктің осы бір жарық дүниені толық қамтып қана қоймай, ізгілікті қаланың немесе түрлі халықтардың өз арасында да қалыптасатындығы дау тудырмайды.

Ізгілікті қаланың түрлі органдары мен ерік-жігер қабілеттерінің арасында қандай бірлік, өзара байланыс, қалыпты тәртіп пен бірлескен әрекет қандай қажет болса, ізгілікті халықтардың өз араларында да дәл осындай қоғамдық қасиеттер ауадай қажет.

Бүкіл әлемді билеуші бұл пәни дүниенің барлық табиғи органдарын өзара келісім мен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілік пен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін харакет ететін бір заттай болып көрінеді. Олай болса, халықты басқарып отырған билеуші де қала мен халықтың арасында және олардың тыныс-тіршілігі мен жан дүниесінде де дәл осындай келісім, өзара тығыз қарым-қатынастар мен бірлескен әрекеттерге әкелетін органдар мен ерік-жігер жүйесін қалыптастыра да білуі қажет сияқты. Сонда ғана жеке бір халық немесе халықтар өздерінің әр түрлігіне, өз жағдайлары мен харакеттеріне қарамастан, өздерінің іс-әрекеттерінің бірлігінің қасында күш-жігерлерін басты мақсатқа жұмылдыра алады.

Ғылым дәл осындай құбылыстың адам денесі мүшелеріне де тән екендігін дәлелдеп береді.

Осы бір жарық дүниені жаратушының бүкіл өлем мен оның барлық бөлшектеріне туа біткен табиғи қасиеттерді, аса бай инстинкті сый еткені сияқты, бұл тылсым дүние мен оның әрбір бөлшегінің болмысы қаншама уақыт болса да, жаратылыстың құдіретіне сүйеніп отырады. Демек, ізгілікті қаланың билеушісі де дәл осындай харекеттер жасауға тиісті.

Ізгілікті қаланың әміршісі халықтар ынтымақтастығын ойдағыдай жүзеге асырып, олардың арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатын орындау барысында олардың жан-дүниесінде қалыптастырылған ізгілікті органдар мен қабілеттермен ғана шектеліп қалмаулары керек. Ол ізгілік пен игіліктің олардың жан дүниесінде бұрыннан-ақ орныққандығын ескере отырып, басқа да толып жатқан адамгершілік қасиеттерге жол ашып береді.

Бір сөзбен айтқанда, бұл дүниені Жаратушының салып берген қасиетті жолымен дұрыс жүре отырып, құдіреті күшті Алла Тағалаға барынша еліктеу және жаратқан ием дарытқан өзіндік ерекшеліктер мен инстинктері, табиғи түрлерімен сипатталатын болмыстың сан алуандығына арқа сүйеп отыру қажет. Ал мұндай жағдайда дүниенің барлық түрлері олардың оз сатыларына сәйкес табиғи игілікпен өзара үндестік табады.

Сонымен қатар ол бүл дүние мен о дүниеде барша халықтар мен қалалардың шынайы бақытқа ие болып, өздеріне лайықты орын алып, сіңірген еңбектеріне сай аңсаған игіліктеріне жетулері үшін, олар да қалалар мен халықтардың әрқайсысын түрлер мен ерік-жігер қасиеттерімен, көзқарастар жүйесімен қамтамасыз етеді.

Ол үшін ізгілікті қаланың бірінші басшысы теориялық философияны да жете меңгере білуі қажет болар деп ойлаймыз. Олай болмағанда құдіретті Алла жаратқан әлемдік заттардың болмысын толық түсіне де алмаймыз.

Сонымен, қаланың барлық бөліктерін өзара біріктіріп, байланыстырып және ондағы тіршілікті ұйымдастырып отыратын жалпы көзқарастар, пікірлер, сенімділік қасиет пен қала халқының нақты харекеттері болмаса, осы айтылғандар ойдағыдай жүзеге де аспайды.

Сонда ғана арман етіп, үміт отын тұтандырған шексіз бақытқа жету жолында олардың харекеттері өзіндік келісім және үйлесімділік табады.

Аль-Фараби. Историко-философские трактаты.

Алма-Ата: "Наука", 1987.- С. 317-354.