ГЫЛЫМНЫН ЛОГИКАЛЫК НЕГІЗДЕРІ

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ҒЫЛЫМНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ /1/

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫНАН

(Аударғандар Т.Ғабитов, Д.Шәуенов)

Адамдар қашанда басымдылығы мен орналасуына қатысты қабыл алынатын білімі бар алғышарттардан гөрі, сезімдік білім мен жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттарды дұрыс деп таниды. Олар қабыл алынатын білімі бар алғышарттар, әдетте, сезімдік білім жинақтайтын алғышарттар мен жалпылама қабылданған білім тарататын алғышарттар арқылы сыналады және түзетіледі деп есептеген. Ал құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттарды олар адамға /2/ сезімдік білімі бар алғышарттарға қарағанда тым орынды, үйлесімді алғышарттар деп есептейді. Өйткені сезіну біздер, адамдар үшін де және қалған барлық жан-жануарлар үшін де ортақ қасиет болып табылады, ал құрамында жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттар тек зерделі адамға ғана тән.

Олар (осы алғышарттар) — ақылмен танылатын дүниелер. Жалпылама қабылданған білімі бар алғышарттардан тұратын аргументтер [дәлелдемелер] дегеніміз зерде аргументтері болып табылады. Сезімдік білімнен /3/ тұратын алғышарттар диалектикада бастаулар ретінде қарастырылмайды, себебі олардың зерттеу пәндері — (жеке даралық) көрінісі. Олар тек қана индукцияда жалпылама алғышарттарды растау үшін қолданылады. Жалпылама алғышарттар өздерінің пәндерінің көрінісі ретінде сезімдік білімді алады, бірақ олар сезімдік білімнен тұратын алғышарттар болып табылмайды. Олар жалпылама қабылданған білімнен тұратын алғышарттар құрамына кіреді.

Жалпылама қабылданған білімнен тұратын алғышарттар дегеніміз бірінен кейін бірі /4/қарастырылатын және танылатын алғышарттар. Соларға сүйене отырып, әлемдегі барлық халықтардың бала-шағалары тәрбиеленеді және солардың арқасында түрлі халықтар олардың қалаларының бір-бірінен алыстығына қарамастан, тілдері мен әдет-ғұрыптарының бөлектігіне қарамастан, бір-бірімен қатар қоныстас өмір сүре алады. Солардың арқасында халықтар бір-бірімен араласып - құраласып тіршілік етеді және де олардың бірлесе әрекеттенуі соларға сүйене жүзеге асады. Солар негізінде олардың ара-қатынасында мақұлдауға тұрарлық нәрселер құпталады.

Жалпылама қабылданған білімнен тұратын көзқарастар мақтау мен жоғары қойып, дәріптеуден /5/ құралады, сол сияқты, бәріне мәлім даттау мен балағаттаудан да тұрады.

Осы соңғылары — жаман көзқарастар. Осы екі көзқарастың екеуі де жалпылама қабылданған білім құрамында бір-біріне, ғылыми пайымдауларда ақиқат пен жалған өзара қалай қарама-қарсы болса, сондайлық қарама-қарсы...

Пәндері жалпы болып табылатын практикалық алғышарттар олардың (пәндерінің) жеке көріністері адамның еркіне байланысты ғана тіршілік ететін болса, онда олар — практикалық алғышарттар. Ал егер оларда пәндердің көрініс табуының (жеке жағдайлары) адам еркіне қарамай тіршілік етер болса, онда олар, тіпті кейбір көрініс табудың (жеке жағдайлары) адам еркіне байланысты болған күннің өзінде, теоретикалық алғышарттар болып табылады. Алайда, әрбір адам өзін заттардың кейбір түрлері толғандырғанда ғана жалпылама қабылданған білім ала жүретін алғышарттарды пайдалана бастайды өрі оны өзіне қаншалықты керек болса, сол мөлшерде ғана пайдаланады және заттардың түрлерінің ішінен өзіне керектісінен ғана пайда табады.

Жалпылама қабылданған білімді ала жүретін пайымдауларды қолдану өлшемінің арқасында ол сол түрмен айналысады жөне соған әбден әдеттенеді әрі сонда оқып-үйренеді; әрбір адам жалпылама қабылданған білім әкелер алғышарттарды пайдаланады. Ол адамға екі жағдайда керек: не адам оларды бар қалпында (олардың тікелей мағынасында) пайдаланғанда, не олардың күшін, олардың (құрамдас) бөліктері мен олардан шығар салдарларды пайдаланғанда.

Жалпылама қабылданған білім әкелер алғышарттар оларды тексере қалған күнде (тіршіліктегі заттармен) сәйкес келмесе жөне олардың басқалардан өзгешеленетін жағдайларынан олардың ақиқаттығы әлде жалғандығы шықпайтын болса, онда олар бір-біріне қарама-қарсы, қайшылықты пікірлер болуы мүмкін немесе барлық (адамдар) қабыл алған пікірге қайшы пікір болуы мүмкін. Осы (екі) пікірлердің екеуі де бірге тұрып ақиқат бола алмайды. Мұнда осы қайшылықты екі пікір туралы мынау ескерілген:

1) бір ғана субъект туралы екі пікірдің біреуі екіншісінің бекітетінін толығымен терістейтіндей пікірлер;

2) екі пікірде де бір субъект турасында толығымен қайшылықты қос тұжырымдама табылған уақытта (яғни шындығында да қайшылықты болып табылатын қос қарама-қарсы пікірлер болғанда).

Егер екі қайшылықты алғышарттарға басқа алғышартты қосар болсақ, онда олардан (екеуінен) екі силлогизм құрастыруға болады. Олардың бірінде қандай да бір субъект туралы не нәрсе мақұлданса, басқасында сол нәрсе дәл сол субъектіде жоққа шығарылады, яғни біреуінде дәлелденетін нәрсе екіншісінде терістеледі.

Сол сияқты, біреуі — мақұлдайтын, басқасы — терістейтін қайшылықтағы алғышарттарда да оларға бір-бір алғышарттардан қосар болсақ, жағдай солай болар еді. Ал қарама-қарсы алғышарттарға келер болсақ, яғни олардың бірінде басқасында мақұлданатын затқа кереғар (бір ғана субъект туралы) нәрсе жайлы айтылатын болса, онда ол екеуінен де екі силлогизм құрастыруға болады. Ол екі силлогизмнің біреуінің тұжырымдамасында субъектідегі (екі) кереғар дүниенің біреуінің бекітілуі бар, ал екіншісінің тұжырымдамасында дәл сол субъектідегі басқа кереғарлық бекітіледі, яғни оның (екеуінің) біреуінде басқасында терістелетін нәрсенің дәлелдемесі шытып түр деген сөз

Адамға алғышарттың ақиқат алғышарт екендігін және оның көптеген заттарда бар алғышарт екендігін әрі оның қандай заттарда жоқ екендігін білмеген уақытында оны бір көргеннен ешбір шек қоймай, жалпы алғышарт ретінде қабыл алу қасиеті тиесілі. Сондықтан, мүмкін, жалпылама қабылданған білім беретін көптеген алғышарттар дұрыс наразылық тудырар бастаулардан тұруы мүмкін. Алайда олардың жалпылама қабылданғандығы наразылық арқасында тұтастай терістелінбейді, керісінше, егер де олар өзінің ақиқаттығына қатысты жалпылама қабылданбаған болса, онда олар оның жалпы ақиқаттығын ғана терістейді. Егер жағдай осылай болып тұрса, онда олардың оларға қайшылық танытар қарама-қарсылықтары, сол қарама-қарсылықтар жалпылама қабылданған жағдайда және қос жалпылама қабылданған қарама-қарсы алғышарттар кездесіп, сәйкес түскен жағдайда ғана ақиқат болмақ.

Сондықтан да егер осы жалпылама білім әкелетін силлогизм түріндегі алғышарттарға ұқсас алғышарттар ізделініп отырған бір ғана нәрсеге қатысты қолданылатын болса, онда олардың өздерін туындатқан алғышарттарға сай қарама-қарсы тұжырымдар жасалынады.

Бұндай жағдайларда зерттеушілер оларды жалпылама қабылданғ0ан білімге негізделген алғышарттар арқасында олардың жалпылама қабылданғандығына қатысы тексерер болса, онда олар растылық дәйекті біліммен емес, өзінің көзқарастарынан алынатын пікірлердің барлығымен қанағат табады. Егер де олардың әрқайсысы өзінің қарсыласы пайдаланатынға қарсы бірдеңені қолданар болса әрі олардың (екеуінің) біреуі екеуінің де пайдаланғандарының жалған бөлігін анықтай алмаса, онда ол екеуінің бір тана зат туралы көзқарастары түрліше болады. Ал егер олардың біреуі қай бір уақытта басқа уақытта пайдаланғанына қарама-қарсы бір нәрсені қолданса, сөйтіп бір көзқарастан екінші біреуіне көптеген рет көшіп жүрер болса және осы айтылғандардың барлығын бір мезгілде бірдей күшпен қолданса, онда оны екі ойлылық пен дағдарыс жаулап алады.

Бұл заттардағы ақиқатты іздеп табам деушілер бүл тұрғысынан не қарама-қарсы көзқарастарға ие болуы керек, не бір көзқарастан екіншісіне өтіп отыруы керек, не дағдарып тұрып қалуы тиіс. Бәлкім, ақиқаттығына қатысты толығымен ақиқат алғышарттар пайдаланылғанда бұлай болмас та еді. Өйткені екі бір-біріне қарама-қарсы алғышарттардың бірдей ақиқат болуына жол жоқ, керісінше, егер де олардың біреуі түгелдей ақиқат болса, келесісі — түгелдей жалған болмақ.

Сірә, біздің жаратылыстан бар күшімізге сай, бір дегеннен не олардың барлығында бірдей, не олардың көпшілігінде байқалмайтын еш жалған қосылмаған, толығымен ақиқат жалпылама бірінші алғышарттарды табу мүмкін болмас.

Бәлкім, бір дегеннен біз сол арқылы бірінші алғышарттарды сынай алатын дүниеге ие емеспіз. Оған тек қана жалпылама қабылданған алғышарттар арқылы қол жеткізуге болады. Сол сияқты, әрбір жеке адам да өзінің талпынысымен әрі жалпылама қабылданған, әрі қарама-қарсы алғышарттарды таба алмайды. Керісінше, әрбір адам бір біріне қарама-қарсы жалпылама білім әкелетін екі алғышарттың біреуін ғана таңдайды, ал басқасы — олардың екіншісін, оған қарама - қарсысын таңдайды. Сол сияқты, әркім де әрбір жалпылама қабылданған жалған алғышарттан ондағы өтірік жасырылған бөлігінен кез келген өтірікті таба алмайды.

Сірә, заттарды зерттеудің бастамасы мен олардың ақиқаттығы мен туралығын тексеру дегеніміз жалпылама қабылданған алғышарттар /6/, себебі жүректе ұялар жалпылама қабылданғандықтың дәп өзі алғышарттың екеуінің біреуін соның (екеуінің) басқасымен байланыстырады. Мен мұнда субъектімен байланыстырылған предикат туралы айтып тұрмын. Соның арқасында алғышарттың ақиқаттығына деген сенім нығаяды және тағы қайталар болсақ, дәл соның жалпылама қабылданғандығының арқасында ғана солай болады.

Адам ол екеуінен өзінің жан дүниесінде келісетінімен байланыстысын және қандай да бір мөлшерде [болатын] бар [бөлшегін] алады. Бүл [бөлшек] жаннан тысқары жерде де бекітіледі және дәл сол мөлшерде қала береді. Ал адам жанында терістелумен байланыстысы және қай бір мөлшерде болатыны жаннан тысқары жерде де теріс болып табылады және дәл сол мөлшерде қалады. Егер де осы адам жанындағы жалпылама көзқарастарға қатысты олардың жаннан тысқары жерде де жалпылама екендігі расталған болса, онда адам соны пайдаланады. Олардың көбісі [бұл жағдайда] жарым-жартылай жалған, ал олардың жалғандығы білінбейтіндей жалған болып келеді. Олардың көбісінің қарама-қарсылықтары, олардың универсалийлер екендігі тұрғысынан алғанда, дәл солайша жалпылама қабылданған болып табылады.

Сондықтан олар, өздері жай пікірлер бола тұра, растылық, дәйекті білімнен тұратын көзқарастар ретінде қабылданады және жарым-жартылай тана ақиқат болса да, жалпы алғанда ақиқат деп қабылданады. Әрбір адам универсалийлердегі [күллияттардағы] өзі пайдаланатын жалған бөліктерді ауыстыра алмайды да, екі жалпылама қабылданған алғышарттардағы қос қарама-қарсылықтың екеуінің біреуін (жоққа шығара да) алмайды.

Сонымен, жалпылама қабылданған алғышарттардағы әрбір жалған универсалийлердің жалған бөлігін алып тастауға әрбір адамның күші келе бермейді әрі ондағы ақиқаттың дәрежесін адам өзі анықтай алмайды. Сондықтан адам оны жалғаннан ажырата да алмайды. Ендеше, егер де ол бұны соның өзінде жасай алмаса, әрине, одан туындайтын тұжырымдардың да ақиқаттылық деңгейін анықтай алмайды. Нәтижесінде зерттеушінің әрбір көзқарасы әлде көп мөлшерде ақиқат, әлде байқалмайтын жалған аралас болып табылады.

Егер екі зерттеушінің біреуі жалпылама қабылданған алғышарттардан қайшылықты бірдеңені тапқан болса, онда басқасы да оны табады. Сөйтіп, олардың әрқайсысы өз зерттеуінде соны қолданады және тексеру барысында өзінің тапқанын пайдаланады. Бүл жағдайда олардың пікірлері міндетті түрде қарама-қарсы болады және бір-біріне қайшылық танытады. Алайда, әрбір адамның өздігінен жалғанмен араласқан ақиқатты анықтауға мұршасы жетпейді, одан жалғанды ажыратып, оны алып тастауға да мүмкіндігі жоқ.өйткені ақиқатты ажыратып алу мен жалғанды лақтырып тастау жалған алғышарттарды терістеу арқылы ғана жүзеге асырылады. Ал ол болса осы алғышарттарды терістейтіндей қарама-қарсы алғышарттарды андай алмайды.

Қайшылықты көзқарастарға не әрбір адам, не өзінің көзқарастарының жетіспейтіндігін байқайды және солардан күмәнданады, не тіпті күмән келтірмейді де, сөйтіп, көзқарастарының кемшіліктерін байқамайды да.

Керісінше, өзінің танып-білгенін ғана өзіне дұрыс деп есептейді, сөйтіп, одан басқа ештеңені ойлағысы да, қабылдағысы да келмейді. Егер де өз көзқарастарына күмән келтірер әрбір адам олардағы жетіспеушілікті байқар болса, бірақ өз көзқарастарына қайшы келетінді нақтылап анықтамаса әрі өзінің көзқарастары туындап жатқан алғышарттарға қайшы келетіндерді де нақтыламаса, онда бұндай жағдайда, ол өзіне өзімен бірге зерттеуші ретінде қатар тұрар сұхбаттасушысын табуы тиіс. Сөйтіп сонымен қосыла отырып, ол өз көзқарастарының күмәндісін тексеруге де кірісіп кетеді. Бұл жағдайда, тіпті олардың екеуі де өз көзқарастарының жетіспеушілігін байқамаған болса да, олардың біреуі — сұрақ қояды, ал басқасы — жауап береді.

Олардың әрқайсысын басқаға өзінің бағалайтын, қорғайтын және қолдайтын білімін хабарлау асқан шаттыққа бөлейді. Содан олар өзінің үстемдігін көреді /7/, сол арқылы ол басқалармен бәсекелеседі. Ол (әркім) басқаны дәл [осылай] оқытуға бейім. Мұнымен қоса ол өзінің оқытушы ретіндегі үлкендігі оның мерейін үстем қылса және бүл оның артықшылығын паш етсе дейді. Бұл да адамдардың басқадай игіліктерге талпынуы сияқты дүниелер. Сондықтан да олардың әрқайсысы басқасындағы барды әлсіретуге және тәртіпке келтіруге әрекеттенуді бастайды. Сөйтіп ол өзіндегі барды күшейтеді және жоғары көтеріп, әспеттейді, өйткені сол арқылы ол бәсекеге түспек және басым болмақ /8/

Соңғы айтылған екі дүние үшін олардың әрқайсысы басқа зерттеушілердің қатысуын қажетсінеді деп айта аламыз. Олар тексеруді не сол жолды ұстанғандықтан, не бәсекелестіктен, не қорғау мақсатымен, не қатты қозып кеткендіктен әлде пайда табу үшін және өтірікті ақиқаттан ажырату үшін әрі олардың әрқайсысының білімі кемелденуі үшін, әрі олардың көзқарастарында байқалып қалған жетіспеушіліктің [кемістіктердің] көзін құрту үшін жасайды. Сондықтан да олар бір бірінің (көзқарастарын) тексерген уақытта олардың әрқайсысы басқасының дәлелдеп отырған нәрсесін тексеру үшін бар күшін салады.

Сөйтіп, оның шығарған нәрсесінің ізін бағу үшін, содан соң әлгі зат туралы өз көзқарасын дөп сол зат туралы басқаның көзқарасымен салыстыру үшін, басқаның күшін пайдалану үшін де басқаның көзқарасына жүгінеді. Оның өзінің қарсыласынан алған силлогизмді қарастыруы кәдімгі силлогизмді қарастыру сияқты, мейлі, оның ойына тіпті өзінің зат туралы пікіріне қарама-қарсы нәрсені қабылдау келген күнде де солай болады.

Қарама-қарсы силлогизмдер /9/ — әртүрлі көзқарастары бар адамдар тобынан алынатын силлогизмдер. Олар оның өзінде бар қарама-қарсы силлогизмдер деңгейінде түр. Сондықтан да ол әлгілерді адамдар топтарымен біріге отырып қарастырады. Бұл жағдайда олардың барлықтары бір біріне әрбір алғышарттардағы және әрбір қорытындыдағы ақиқатты ажыратуға көмектеседі. Бұл тек қана бір-біріне уәж айту мен бір-біріне қайшылық таныту арқылы жүзеге асады. Сондықтан да олардың әрқайсысы, басқасымен бірге, бір-бірімен қақтығысқан уақытта олардың (екеуінің) біреуі — сұраушы, ал басқасы — жауап беруші болғанын қажетсінеді. Бұл олардың әрқайсысының дау көзіне қатысты таласта бар күшін салуы үшін қажет.

Бар күшті олар өздерінің екеуі де тезис ретінде пайдаланатын көзқарасты және сол тезисті дәлелдейтінді жоққа шығаратындай көзқарасты табу үшін салады. Бұны олар көзқарастың дәлелдемесі кітаптардағы дәлелдемелер ішінен табылмаған күннің өзінде де тапқысы келеді. Олардың әрқайсысы басқасымен бірге оның көзқарасының кереғарлық танытатынына қатысты осындай күйде болады.

Әдетте, олар өздерінің уәждерін келтіреді жөне осының барлығына ол туралы ауызша сұхбат арқылы қайшылық танытады немесе кітаптардағы олардың дәлелдемелерін келтіреді. Ілгеріде өмір сүргендер мен олардың алдындағылардың бізге дейін жеткен көзқарастарына қатысты осылай деуге болады.

Олардан кейін келгендер оларға білімге жету жолында өздерінің тәсілдерін пайдалануға тырысқандықтан қарсылық танытты. Олардың бір бірінен ажыратыла қарастырмайтын диалектикалық алғышарттардан және ғылыми тәсілдерден тұратын әдістері сұрақ-жауап барысында пайдаланылады. Оларды бір-бірінен бөліп-жармай қарастырады. Соңдықтан да, олар қайшылық пен қарсылық күшейе түскен әр уақытта әлгілерді кезек-кезекпен бір-біріне, бір сәттен екінші бір сөтке дейін беріп отыратын болған, соның арқасында (талас-тартыс) уақыты созылып, ұзарып, сөйтіп, олар талас тудырған себепті жайбарақат зерттеген және жалған мен ақиқат араласып кеткен әрбір алғышарттардан ақиқатты жалғаннан ажыратуға жақындайтын болған. Осының нәтижесінде ізделінетін [тезистердің] барлығын дәлелдеудің дұрыстығы мен әрбір ізделінетін [тезиске] ғылыми тәсілді пайдаланып, силлогизмдер жасап шығу керектігі анықталатын болды.

Егер де көзқарасты зерттеу осылайша, кезек-кезек сауал қоюшының немесе жауап берушінің қызбалығы әлде кешірімшілдігімен тоқтатылса және егер олардың біреуі басқасының дұрыс деп есептейтінін терістей алса, онда олардың екеуі де мақтауға лайық. Себебі олардың екеуі де осыдан пайда табады және жеңіс олардың екеуіне де бірдей тиесілі болады. Бұл жеңіс бәсекелестік рухында жүзеге асқан күнде де, ол екеуінің өз көзқарастарын дәлелдеу үшін бір-бірімен күрескен, бір-бірімен жарысқан және жеңіске олардың біреуі ғана жеткен күнде де солай болмақ.

Ғылыми силлогизм /10/ (дәл сол дәлелденетін силлогизм болып табылады) дегеніміз ақиқат жалпылама бірінші алғышарттардан, яғни растылық, дәйекті білімнен тұратын алғышарттардан құрастырылатын немесе растылық, дәйекті білімнен тұратын ақиқат жалпылама бірінші алғышарттардан шығып жатқан алғышарттардан тұратын силлогизм.

Философиялық ғылымдар /11/ дегеніміз растылық, дәйекті білімнен тұратын ғылымдар әрі оларда ізделініп жатқан тұжырымдардың барлығын дәлелдеу үшін, біз айтқандай, ғылыми силлогизмдер пайдаланылады.

Арал ас тәсіл /12/ деп көне философтардың үш түрлі тәсіл бір-бірінен бөлініп шығып, жіктелгенге дейін қолданып келген тәсілін айтамыз: 1) ғылыми тәсіл; 2) диалектикалық тәсіл; 3) софистикалық тәсіл. Осылайша ғылыми тәсілдер жасалынды, бұдан кейін ғылыми өнер түпкі мақсат болып алды, ал диалектикалық өнер оның алдындағы оған деген даярлық пен жаттығу болып қалды, сөйтіп, диалектика ғылыми өнердің құралы мен құлына айналды. Ал софистика болса диалектикаға еліктеу болып қалып, оған ұқсас және өзін диалектика деп қабылдайтын [жалған] пікір жасаушы болды. Бәлкім, ол тіпті өзін нағыз философиямын деген жалған пікір де қалыптастыруы мүмкін. Бұл үш өнердің пәні бір және іздейтін (қағидалары) да — бір. Олар бір-бірінен өздерінің түбегейлі мақсаттары мен бастау көздері арқылы ажыратылады.

Сонымен, адамның арқа сүйейтін нәрсесі және адамның танитын нәрсесі дегеніміз, ең алдымен, мынау болмақ: 1) жалпылама қабылданған көзқарастар, оларды бір қарағаннан-ақ барлық адамдар бірдей қабыл алады, 2) қабылдауға тұрарлық, қабылдауға болатын көзқарастар және 3) сезімдік көзқарастар. Қабылдауға тұрарлық, қабылдауға болатын көзқарастар дегеніміз мынадай көзқарастар: олар туралы адамның өзінің жеке білетін мағлұматы жоқ, олар туралы айтқанда адам өзінің ол туралы пікірі түзу басқа адамның біліміне ғана жүгінеді.

Адамның (қабылдауға тұрарлық көзқарастарға) жүгінетін себебі оның өзінде ғылыми көзқарасқа жету мүмкіншілігі жоқ екендігінде немесе ол туралы өзіндік білім алу жолымен жететін ғылыми көзқарастың болуы мүмкін болмағандығында. Ол өзіндік білімін өзінің алғаш танып-білген және олар туралы өзіндік білімін ешбір силлогизмді әлде белгіні қандай да бір дәрежеде пайдаланбай-ақ қалыптастырған алғышарттардан құрастырылған силлогизм арқылы жинақтайды. Бұл алғышарттар анық кең жайылған көзқарастардан алынатын алғышарттар.

Егер де біздің қолымызда бар жалпылама қабылданған алғышарттар бұл ғылымдарда да жалпылама қабылданған болса, айқын әрі бір қарағаннан танымал болса және біз оларды үлкен алғышарт ретінде пайдаланар болсақ әрі оларға кіші алғышарттарды қосар болсақ, онда бұдан біз, міндетті түрде, қарама-қарсы және кереғар қорытындылар шығарамыз. Осындай жағдайдағы алғышарттары бар ғылымдар — жаратылыстанымдық (физикалық) ғылымдар, теологиялық ғылымдар және азаматтық ғылымдар. Бұны бізге жаратылыстанымдық ғылымдарға жақын математикалық ғылымдар дәлелдеп отыр.

Жаратылыстанымдық ғылымдарға көзден (маназир) алыс әлде жақын орналасуына байланысты заттардың көлемін анықтайтын ғылым, әуез [музыка] ғылымы және механика ғылымы жатады. Бұл ғылымдар жаратылыстанымдық ғылымдарға (заттардың қасиеттері мен күш-қуаттарын алмағандағы жаратылысы туралы ғылымдарға) арифметика мен геометриядан гөрі жақындау келеді. Сондықтан да олардың әрқайсысы не өз бастауларында күрделене береді, не өзінің (жараталыстанымдық ғылымдарға) жақындау дәрежесіне байланысты бөлектене береді.

Арифметика жаратылыстанымдық ғылымдардан өте қашық тұрғандықтан оның ешбір затында қиыншылық бола қоймас. Ендеше, онда тіптен ешқандай ұштаспаушылық [кереғарлық] болмайды. Ал геометрияда оның кейбір бастауларында кездесетін қиыншылық оның арифметика сатысынан өтуі мен материядан алыстауы деңгейіне сай туындайды. Ал астрологияға келер болсақ, ол геометриядан анағұрлым күрделірек дүние жөне онда ұштаспаушылықтар да көбірек. Одан кейін көлемді көзбен мөлшерлеу ғылымы (маназир) және одан соң — музыка мен механика жатыр. Бұлардың барлықтарының, әсіресе, сол ғылымдардың принциптерінің қиындықтарының себебі біз жоғарыңа айтып өткен себептен туындап жатыр.

Көпшілік біздің олардың сенімдеріне негіз болған көзқарастарындағы ақиқатты ажыратып беруімізді қалайды. Сондықтан да егер олар ақиқатқа жету барысында бізбен бірге болса, онда олар философтармен бірге, өз әлдері келгенше, ең биік бақытқа жету ісіне қатыса алады. (Бұл) — біздің олардың, оз бетінше, пайымдаулардан, көзқарастар мен көнеден жеткен аңыздардан [сунналардан] таба алмайтынды жеткізуіміз. Бұны дәйекті, растылық білімге негізделген дәлелдемелер арқылы олармен бірге жасау мүмкін емес. Оның себептері — мазмұнның олардан алшақтығы, мазмұнның дағдылы, үйреншікті еместігі және оларға қиындық туғызатындығы. Оны тек қана біз үшін де, олар үшін де ортақ білімдер арқылы жасауға болады. Ол біздің ол адамдармен тек олар үшін жалпылама қабылданған пайымдаулар арқылы, оларда белгілі және олардың өзара қарым-қатынасында қабыл алынған пайымдаулар арқылы ғана қатынаса, араласа алатынымыздан көрінеді. Нәтижесінде осындай оқыту түрінен төртінші философия туындайды. Оны сыртқы, тысқары философия деп те анықтайды....

Ғылыми сұрақ /13/ мынадай болады. Ол — атаудың меңзеп тұрған мағынасын түсіндіруге бағытталған және оның бейнесін жан дүниесінде көз алдына елестетуге бағытталған сұрақ. Сонымен бірге, заттың болуын тануға бағытталған сұрақ. Бұл сұрақтың өзі екіге бөлінеді:

1. Біздің "Адам жануар ма?" деп айтқанымыз сияқты, бір заттың басқа затпен байланыста болуын тануға бағытталған сұрақ. Бұл жерде (сұрақ) заттың затта болуын зерттеуге бағытталған, яғни субъектіде предикаттың болуын зерттеуге бағытталған. Бұл — іздестірілер құрамдас (қағида).

2. "Вакуум бар ма, жоқ па?" деген біздің сұрағымыз сияқты, құбылыстың шектеусіз (толығымен) жалғасуын тануға бағытталған сұрақ. Бұл іздестірілер дара (қағида). Күрделі, құрамдас (қағида) мыналарға бөлінеді:

а / "Аспан жұмырлау ма? " деген біздің сұрағымыз сияқты, бір предикатты" бір субъектіде болуын талап ететін қағида;

ә / "Тас пен адам екеуінің қайсысы жануар болып табылады?" — деп айтқан сөзіміз сияқты, бір предикаттың көптеген қарама-қарсы субъектілердің қайсысында екенін анықтауға бағытталған қағида;

б / "Күн он екі шоқ жұлдыздың қайсысында орналасқан?" деген біздің сөзіміз сияқты, көптеген предикаттың бір субъектінің ішінде екенін табуға бағытталған қағида;

в / Осы зат пен басқа (затқа) да бірдей ортақ болып табылатын, бір түрге жататын заттардың мәнін табуға бағытталған қағида, демек, (заттың) тегін тануға бағытталған қағида;

г / Сол заттың басқа (заттан) түпкілікті мәндік айырмашылығы неде екендігін анықтауды талап ететін тұжырым, яғни сол заттың онымен бір текке жататын басқа түрлерден айырмашылығы неде екендігін тануды керек ететін қағида;

ғ / Заттың анықтамасының өзі көрсеткендей, сол заттың мәнін түсінуге бағытталған қағида;

д / Бір заттың басқа заттан акциденталды айырмашылығын тануға бағытталған қағида;

е / Затты оның ерекшелігі немесе оның (одан) бөлінетін немесе бөлінбейтін акциденцияларының бірі арқылы тануға бағытталған сұрақ.

Негізінен, бұлардың барлығы, біріншіден, тек ізделініп отырған жеке (қағидада) жөне оның [осы ізделініп отырған нәрсе болып табылатын заттың] тіршілігі анықталғаннан соң орын алады, екіншіден, ізделінген күрделі құрамдас қағидада орын алатын болады. Заттың тіршілігін түсіндіруге (соған үйретуге) арналған сұрақ мынадай: ол затты дәлелдеуге бағытталған, себебі оның тіршілігі туралы білімді алу үшін оны дәлелдей білу қажет.

Оқып жатқан адам, негізінен, өзінің мәселесінде екі қарама-қарсы жақты біріктіруі керек. Бұл жағдайда оқушыдан екі қарама-қарсы жақтың қайсысы ақиқат екенін дәлелдеу талап етіледі. Мысал ретінде біздің мына айтқанымызды алуға болады: "Кез келген дене шексіз бөлшектерге бөлінеді ме немесе шексіз бөлінетін бір де бір дене жоқ па?"

(Заттың) /14/ тіршілікте барлығын білу үшін екі сұрақ керек. Әрине, оның біреуі екіншісінің алдында жүреді. Оның біріншісі бойынша, оқытушы қарама-қарсылықтың екі жағының ақиқатын әрі дәлелдеуді қажет ететін бір нұсқасын дәлелдеу арқылы мағлұмат беруі керек. Олардың екіншісі осы дұрыс, ақиқат жақты дәлелдеуді көздейді.

Егер оқытушы бірінші сұраққа жауап бергенде қарама - қарсылықтың екі жағының ақиқат қыры туралы мәліметтерді айтып қойса, сөйтіп, осының бәрін дәлелдеумен ғана жеткізіп, оқушыны екінші сұраққа бағыттамаса, онда оқытушы жауап беру барысында пайда болатын білімнің (ғылыми тәсіліне) сүйенеді деген сөз. Мұндай жағдайда әрдайым тек (әзірше) өзінің силлогизмі жоқ, ізделініп отырған қағидаға ғана тексеру жүргізіледі. Сондықтан ол, ізделінген нәрсе, өзіне силлогизм жасалуын қажетсінеді.

Бұл мына қатынастарға байланысты орын алуы мүмкін: адам өз еркімен бұл қағидаға силлогизм даярлау үшін оны дәлелдегенде және де отан (сұхбаттасушысы) ізделініп отырған (қағидаға), яғни силлогизмді қажет етіп отырған қағидаға силлогизмді даярлауды бірге жүзеге асыру үшін дәлелдегенде. Ізделінген (қағидаға) силлогизм даярлау оны жасауға бір адам ғана емес, көптеген адамдар қатысқан жағдайда оңай өтеді. Жауап берушінің жағдайы сұрақ қоюшыға силлогизм даярлап үлгерген адамның жағдайындай болуы тиіс емес, себебі оның жағдайы дәл сондай болса немесе егер ол (сауал қоюшы) өзінің сұхбаттасушысы оған сұрақ қоймастан бұрын, алдын ала силлогизм даярлап қоюын қаласа, онда ол тексеретін сауал қоюшы емес, оқып-үйреніп жүрген сауал қоюшы болып табылады.

Ал білімге тек дәлелдеме арқылы ғана қол жеткізіледі. Сондықтан, бұған жауап ретінде өз дәлелдеуімен біріккен ақиқат жақ туралы айтылады. Керісінше болған жағдайда, яғни жауап беруші тек шынайы ақиқат жақты айтумен шектелсе, оның ақиқат екені анық емес болып қалады. Егер жауап беруші оған шынайы ақиқат жақ туралы мәлімет хабарланғаннан кейін де үндемей қалса, онда сұраушы дәлелдеме беруді талап ететін сұрақ қоюы керек. Керісінше болған жағдайда, оның бірінші сұрағы жарамсыз болып қалады.

Затқа қарсы пікір шығаруға бағытталған ғылыми сұрақта да, егер сұрақ оны терістеуге бағытталған сұрақтан бұрын қойылса, жағдай дәл осылай болмақ. Мысалы, келесідегідей: "Вакуум бар ма?" деген сұрақ қойылғандағыдай. Бұл жағдайда жауап беруші өзінің "Вакуум бар" деген сөзін вакуумның барлығына бұлтартпас дәлел болып табылатын затпен байланыстыруы тиіс. Егер ол бұны істемесе, онда сұрақ қоюшы бүл (жауаптың) дәлел-аргументі туралы сұрақ қоюға мәжбүр болады. Ал егер ол (жауап беруші) оны келтірсе, онда ол (сұрақ қоюшы) қорытынды мен алғышартқа (бірдей) қарсылығын көрсетеді.

Ал диалектикаға келсек, онда (жауап берушіден) қарама-қайшылықтың екі жағынан кез-келген, оның (жауап берушінің) таңдайтындай және оның қорғайтындай қағидасының мазмұнын құрайтынның алынатындай сұрақ қолданылады. Онда (сұрақта) қағида мәлімет арқылы сол қағида дәлелденетін уәжбен байланысқандығын қажетсінетін еш нәрсе жоқ. Сонымен, мұнда жауап беруші (сұраушыға) қағиданы дәлелдейтінді көрсетпейді, себебі ол (сұраушы) жауап берушіні үйретуді мақсат етіп тұрған жоқ.

Сұраушының мақсаты — тек қана осы қағиданы терістеу болып табылады. Бұдан кейін ол оған (жауап берушіге) осы қағиданы дәлелдейтін уәж аргумент туралы сұрақ қоюды қажет етпейді. Осыған қоса, оның үстіне сұраушысының бүл қағиданы терістеуі жауап берушідегі осы қағиданы дәлелдейтін уәж аргументті терістемеуі де мүмкін. Ал дәл сол шақта, оның сұрап тұрған қағидасын үйренушінің дәлелдеусіз меңгеруі мүмкін емес. Мұнда бұл қағиданы жауап берушінің қорғауы осы қағидаға силлогизмді келтірмей жатып-ақ мүмкін болмақ. Бұл осы қағиданы (жауап берушінің) қорғауы мен оған қатысты (жауап берушінің) жеңісі арасындағы айырмашылықтың бар болуынан туады.

(Осы қағидаға) қатысты жеңіске тек силлогизм арқылы жетуге болады. Ал оны қорғау (сұраушының) оны терістейтін силлогизмін лақтырып тастау нәтижесінде ғана мүмкін. Әрі ол үшін сұраушының осы (қағидаға) қарама-қарсы қағида ендіруіне қарсылық көрсету де, жауап берушінің сұраушы осы қағиданы терістеу үшін пайдалана алады дегенді кідірте ұстауы да қағиданы қорғауға қызмет етеді. Себебі уәж аргументтің өзі дұрыс болмай, бірақ қорытындысының дұрыс болып шытуы да мүмкін. Осы өнерде қателесушіні үйрететін адамға келсек, ол, біріншіден, қателесуші ақиқат деп санайтынның жалтаңдығын ашып көрсету үшін оны терістеуден бастау керек. Егер жалған дүние қорытындыдан табылса, онда бұл дегеніміз қажеттілікке ілесудің жалғандығын білдіреді және дәлелдеменің өзінде жалғандық бар деген сөз.

Егер ол дәлелдеуді жоққа шығарудан бастаса, онда оның (дәлелдің) жеткіліксіздігінен қорытындының жалған екендігі шықпайды. Демек, қателесушіге қарсы тұрушы адам, ең алдымен, қорытындының жалғандығын анықтап алуы керек, ал содан кейін дәлелдеу алғышарттарынан жалған алғышартты анықтап алуы тиіс немесе силлогизм ретінде алынып тұрғанымен, ондай болып табылмайтын пайымдау (формасын) теріске шығаруы қажет.

Сұраушы мен жауап берушінің осы пікір туралы сөйлескенінде жөне солардың біреуінің әлгі пікірді теріске шығарып, ал басқасының оны дәлелдегенінде әрі олардың ешқайсысында өзінің қарсыласына қайшылық танытатындай айғағы болмағанда, олардың әрқайсысы жеңіске жеткенше, сол пікірдің, айтушының өзінің көзқарасы бойынша, не жақсы, не жаман екендігіне сай, тек жақсы жақтарын немесе [кем жақтарын] ғана мысалға келтіріп қояды. Егер олардың екеуі де тек пайымдаулар арқылы әңгіме жүргізсе, онда олардың екеуі де тек пайымдауларды қолданады. Солар арқылы олардың әрқайсысы өзінің әріптесінің пікірін түзетеді (дайындайды) және әрбіреуі қарсыласына кереғарлық танытады.

Әдеттегіден тыс, өзгеше көзқарас, яғни шамасын, парқын білмейтін көзқарас және сандырақ (абсурдты) көзқарас, егер ол жетілмеген адамның көзқарасы болса және оған силлогизм құрастырылмаса, көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы көзқарас болады. Сонымен, барлық диалектикалық ізделінетін қағидалар "қағидалар" [ережелер] деп аталады.

Қағида дегеніміз тек түрдің аты ғана. Ондағы кейбір оның түрлері оның түрінің атымен аталған. Сондықтан оны жалпы сол атпен атайды және әсіресе, көптеген аттардағы істің жай-күйіне байланысты осы атпен атайды. Қағида деп көптеген мағыналарды қамтитын жалпы есім аталады. Олардың біреуі — "қағида" деп аталатын категория (ол туралы "Категория" кітабында айтылған болатын), ал екіншісі — ол да "қағида" деп аталатын анықтама, ал үшіншісі дәлел мен айғақсыз берілетін, дәлелдеу мен айғақтауды қажет ететін және алғышарт ретінде қолданылатын затты [айтылғандарды] белгілейді. Бүл затта, шындығында, "қағида" деп аталмауына қарамай-ақ, "қағида" деп аталады. Сондықтан да есімдер дегеніміз солай деп ақиқатқа байланысты емес, "қағидаға" байланысты [аталады] деп айтады. Шартты алғышарт та "қағида" және "қағиданың" алғышарты деп аталады.

Егер сөйлесіп отырған адамға (заттар ішіндегі) зат қандай жағдайда болса, онда қалған заттар да сол жағдайда болуы керектігі көрініс тапқан талап келтірілген сөз айтылса, онда бүл сөз "қағида" /15/ силлогизмі деп аталады. Өзіне силлогизм құрастыруды мәжбүр ететіннің барлығы да қағида деп аталады. Ізделінетін диалектикалық [қағидалардың] барлығы да "қағида" деп аталады. Бұл жағдайдағы қағида, абсолютті [шек қоймай-ақ] алынған ізделінетін қағидаға қарағанда, ерекше [жекеше] қағида болып табылады. Көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы бірегей көзқарас оны күшейтетін силлогизмі бар болған жағдайда да "қағида" деп аталады. Бұл жағдайдағы "қағида", диалектиктің қолданатын "қағидасына" қарағанда, тым ерекше болады.

Сонымен, көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарама-қарсы және силлогизммен күшейтілген көзқарас оларға [көпшілік жалпылама қабылдаған заттарға] силлогизмдер қарсы тұратындықтан ғана ізделінетін қағида болатыны түсінікті. Ал кемеліне жеткен адам қарсы шыққан немесе силлогизм арқылы қарсы шыққан көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарастар оларға қарама-қарсылық силлогизмдерін қарсы қойғанға дейін диалектикалық алғышарттар болған. Сондықтан көптеген бізге қажетті дәрежеде танылмаған жалпылама қабылданған көзқарастарда кемеліне жеткен адамның қасиеттерін келтірумен немесе силлогизмдерді көрсетумен қарсы шығуға рұқсат етіледі. Осы кезде қолданылатын сол бір көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарасқа қарсы шығатын силлогизмдерді іздеуге [тырысу] рұқсат етіледі.

Сөйтіп, осы көпшілік жалпылама қабылдаған көзқарастар алғышарт болғаннан кейін ізделінетін қағида болуға ауысады.

Сол сияқты, егер оларға [көпшілік жалпылама қабылдаған заттарға] қарсы тұратын силлогизмдер табылса, онда олардың ізделінетін қағида бола алмайтыны түсінікті де (бұл жағдайда олар тек терістеуге, жоққа шығаруға ұшырайды). Егер оларды бекерге шығаруға мүмкіндік болмаса, онда бұл жағдайда олар ізделінетін қағидалар болып шығатындықтан, оларға қайшы келетіндерге көңіл бөлінбейді. Істің тура осындай жағдайын біз көптеген жалпылама қабылданған көзқарастардан да көреміз. Бүл олардың ақиқаттығының о бастан-ақ оның жалпылығынан көрінбегендігінен байқалады. Сондықтан біз олардан ақиқат бөлігін алып шығуды қаласақ, онда оларды бекерге шығарып, терістеуге ұшыратамыз. Бұл жағдайда олардың ішінен қай бөлігін бекерге шығарып, терістеуге ұшырату керектігін жөне қайсы бөлігімен олай жасау керек еместігін айыра білу қажеттігі туады. Егер оларда бекерге шығарып, терістейтіндей бөліктер табылса, онда қалай бекерге шығару керек деген сұрақ туушы еді.

Сонымен, мен көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттар келесідей /16/ болады деп бекітемін: 1. Этикалық (өнегелі) және 2. Жалпы қылықтардан (тұратын), дәлірек айтсақ, барлық халықтарда бірдей және соның көмегімен халықтар бір-бірімен араласып, ортақ пікірге келетін (егер оларды кездестірсе) алғышарттар.

Этикалық алғышарттар /17/ дегеніміз — бұл — барлық адамдардың ойынша, [оны біреу] қабылдасын - қабылдамасын, оған қарамастан, әрбір адамның сол арқылы тәрбиеленуі керек, сол арқылы [бірдеңеге] үйренуі керек, соны бетіне басатын, солармен бірдеңені жасауға ынталандыратын алғышарттар. Егер кім де кім олармен тәрбиеленуге қарсы шығып және тәрбиеленгеннен кейін оларды орындаудан тартынса, онда ол адам жазаланатын. Осы алғышарттарды барлық адамдар өздерінің балаларын сол арқылы тәрбиелеу [керек] алғышарттар деп есептейді және соларды балалардың жанына баулып, балаларға дағдыландырып, үйрету керек деп есептейді. Егер балалар осы алғышарттарды қабылдауға қарсы шықса және өскеннен кейін олардан бас тартса, онда да балалар осы бір этикалық нормаларды сыйламағандығы және оларды балағаттағаны болып табылатын әрекеттері үшін жазаланатын.

Осы көпшілік жалпылама қабылдаған] алғышарттарға күдік тудырмау керек және оларды диалектиканың ізделінетін [қағидалар] да қылмаған жөн. Себебі, олар — практикалық заттардың бастауы және олар олардың өзінен гөрі түсініктілеу, айқынырақ дүниелермен дәлелдене не бекерге шығарыла алмайды. Керісінше, егер осы нәрсе оларға қатысты жүргізілген күннің өзінде, ол анықтылық пен көпшілік қабылдағандықтан айырылған нәрселер арқылы жүзеге аспақ. Себебі оған күдіктенетін адам үшін ол сол алғышарттарға көңіл бөлуге тұрғыссыз деп және лақтырылып тасталуы, орындалмауы керек деп, қалай болса солай, қарамайтындығына кепілдік беруге болмайды.

Сондықтан, оларға күдіктенетіндер, әдетте, жаман өнегесіз қасиеттері бар ызалы адамдарға айналады. Олардың ізгілікті қалалар тұрғындарымен ортақ ештеңелері жоқ. Оларға осысы үшін, тіпті олар шынтуайтында жаман болмаса да зұлымдық маңдайына жазылады. "Адам, — Аристотельдің айтуы бойынша, — зұлым [жаман] болмауы керек және ол туралы зұлым [жаман] деген пікір қалыптаспауы керек". Адамдардың осы көзқарастарға деген қатынасы ең жоғары мәртебелі Аллаға табыну сияқты, ата-ананы құрметтеу сияқты, қаны бір туыстық сияқты, мұқтаж зағип-кәріптердің қайғысына ортақтасу сияқты, жақсылыққа жақсылықпен жауап беру сияқты, көмектескенге рақымдылық таныту сияқты этикалық норма мен қылықтар іспеттес болуы керек.

Сонымен, барлық адамзат "Аллаға табыну керек па, жоқ па?" "Ата-ананы құрметтеу керек па, жоқ па? " — деген көзқарастарға адам еш күдіктенбеу керек және сондықтан да бүл айтылғандардың барлығын дәлелдеуге не бекерге шығаруға ұшыратпау керек. Сол сияқты, тағы да барлық адамдар осынау бір көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттардың жанға дағдылануы тек көзқарастар арқасында ғана жүзеге асуы керек емес, керісінше, оларды іс жүзінде орындауды үйрену мен оны бұлжытпай қатал сақтау арқылы оларға адам жанын баулиды деп есептейді. Ол да бір дәп практикалық өнерлердегі білімге үйрену сияқты нәрсе. Олар туралы білім адам жан сарайында олар туралы айтып отыру арқылы емес, оларда белгіленген әрекеттерді орындау арқылы ғана, адамның әдеттенуімен тұрақталады.

Осыған сәйкес, этикалық немесе ортақ қылықтарға қатысты, көптеген жалпылама қабылданған заттарға қатысты да солай жасалу керек. Егер де олар шартпен не шарттармен шектелмей, толығымен немесе абсолют алынып, қолданылар болса, онда сонысымен көп жағдайда зиян шектіреді. Сондықтан оларды диалектикалық ізделінетін [қағида] етпеу керек немесе шарттарды оңай табу үшін олардың аракідік кездесер қарама-қарсылықтары арқылы оларды бекерге шығарудың да керегі шамалы. Оларды қатыстырар болсақ, онда жағдай шарттарды тапқанға дейін бұл заттар абсолютті қолданылғандықтан келтірілер зиян бұл заттарды қолданған уақытта жойылатын еді.

Сонымен, осы заттармен қатар, шарттарды қатыстыра қолданғанда, олар ізделінетін [қағидаларға] айналса, онда оларды қолданбау керек, керісінше, шарттарды қатыстырғанда — бұл заттардан кілтипаны барын жоятынды қолдану керек Мысалы, келесі пікірдегідей: "Адам өзінің әке-шешесін жек көруі керек пе әлде жоқ па?", "Адам өзінің әке-шешесін құрметтеуі керек пе әлде жоқ па?" . Оған сұрақтағы кілтипанды жоятын шартты қосқаннан кейін, алатынымыз мынау: "Адам өзінің әке-шешесі құдайсыз (гяур) болса, оларды сыйлауы керек пе әлде жоқ па?", "Адам зұлым жандарды жек көруі керек пе әлде жоқ па?", "Олар адамға өз ар-ұжданына қарсы әрекет етсін деп бұйрық берсе, оған бағынуы керек пе әлде жоқ па?"

Сонымен, бұл шарттар және оларға ұқсастар бұл сұрақтардан ондағы жаманды жояды. Сондықтан да, олардың ізделінетін [қағида] болуы наразылық тудырмайды, бірақ оларға толығымен қарсы болатын көзқарасты талап етуге қатысты сақ болу керек. Олардан жалпы дүние үшін ізделінетін [қағида] жасауға тырысу керек, әрі олар осы шарттардың бар болуын түсіндірмейтін оларды дәлелдеудің басқы шарты болады. Дәлел шарты орналасқан нәрсе толығымен не терістеуге, не диалектикалық қайшылыққа ұшырамауы керек.

Сонымен, қандай жалпылама қабылданған заттар диалектикалық ізделінетін [қағидалар] бола алады және олардың қайсысы ондай бола алмайтыны анық түсінікті. Ал, ізделінетін қағидаға және диалектикалық жағдайларға қатысты оларды диалектикалық әдіске қайшы келетін теріс ізделінетін [қағида] шықпайтын қатынаста және күйде алыну керектігі түсінікті болды.

Алғышарттарға күмәнданатынға (күмәндануға болады деп есептелетін нәрселерге) келер болсақ, онда оны барлық адамдар не өзінің әрекеттері арқылы, не өзінің әдеттері арқылы қабылдайды және сол алғышарттар ұстанбаса, онда олар жазаланады. Ал, өзінің мәніне сай, көріністері сезіммен қабылдауды қажет ететін алғышарттарға күмәнданатын жан оларды елемейді және олардың ішінен оған диалектикалық қағида ретінде күмәнданатындарын мүлдем пайдаланбайды әрі оларды түпнұсқалы көзқарастар қатарына жатқызбайды. Әсіресе, егер ол олардың ішіндегі адамдардың өз әрекеттері арқылы алынатын бөлігіне қатысты күмәнданатын болса, сондай-ақ, адам оларды орындауды қойғаннан кейін жазаға тартылатындай бөлігіне қатысты күманданатын болса жағдай жоғарыдағы айтқандай.

Олардың бөліктерінің ішіндегі осы [бөліктерге] сезіммен қабылдаумен аңғарылатындар немесе сезіммен қабылданатындай қасиетке иелері және бәрінен бұрын — көп күмән тудыратындары жатады. Мысалға, төмендегіні дәлелдеу үшін керек силлогизм құрастырылса: "Ешкім ешқандай жағдайда құрмет тұтатынды жоққа шығармайды".

Бұл ойды Аристотель өзінің келесі пікірінде айтқан болатын: "Бізге әрбір ізделінетін [қағиданы] және әр жағдайды зерттеудің қажеті жоқ, бізге күмәнданатынның күмәнін тудыратын нәрсені зерттеу керек. Солардың ішіндегі жазалау мен сезімдік қабылдауды емес, айтылатын көзқарасты қажет ететінді зерттеуіміз [өткізуіміз] керек." Бүл — күмәнданатындар мен төмендегі дейді айтатындарға қолданатын нәрсе: "Аллаға табыну керек пе әлде жоқ па?" ; "Әке-шешені құрметтеу керек пе әлде жоқ па?" — (олар жазаны қажет етеді) және күмәнданып, былай дейтіндерге: "Қар жауды ма әлде жоқ па?" — (олар сезімдік қабылдауды қажет етеді).

Философтар өздерінің көзқарастарында бір жерден шықпай, бір-біріне қарсы тұратын заттарға қатыстыларына келсек, онда, көбінде, олардың жағдайын қарастыру керек. Жалпы бұл заттар диалектикалық қағидалар жасауға болмайтындырға жатады. Олардың арасында оларды дәлелдейтін немесе бекерге шығаратын оларға не жақын да емес, не алыс та емес көпшілік жалпылама қабылдаған алғышарттары болмайтындары да кездесуі мүмкін. Керісінше, олар көпшілік қауымның ойына келе бермейтін алғышарттармен және пайда алып келмейтін, көпшілік қауымда олардың не сондай, не басқадай болуы туралы еш көзқарас қалыптаспаған заттармен расталады. Мысалы, келесі пікірдегідей: "Айдың өзінің қозғалыс жолынан, яғни оның күнмен бірге тұрған (сәйкес келген) немесе қарсы түскендегі жолынан басқа, оның үш есе көбейгеніндегі немесе алты есе көбейгеніндегі жолы күн жолынан] ажырайтындай [басқа] жолы бар ма әлде жоқ па? Күннің ең жоғарғы нүктесі (апогейі) аспан шоқжұлдыздарының алмасуының ізімен өтетін қозғалыс емес пе әлде жоқ па?".

Бұл көзқарас ең маңызды мағынаға ие, өйткені ол (өздігінен) ізделінетін қағида және бүкіл әлемге таралғандықтан, тіршілік басымдылығы (бар) дүние. Осыған оны білу арқылы келетін жағдай басымдығы (приоритеті) қосылады. Бұл жағдайда оны тану — құдайи ғылымға (теологияға) ашылған жол болып табылады. Дүние мәңгілігінің оны мәңгі деп і үсіндіретін себептерін анықтау аса қиын нәрсе болып табылады. Таты да, сол сияқты, дүниенің пайда болу себептерін ол пайда болды деп түсіндіре анықтау да қиынға соғады. Осыны қалың көпшіліктің тануының [көпшілік] үшін өте маңызды мағынаға ие екендігі рас.

Сонымен бірге, егер осындай заттарда қате жіберілсе, онда ол қате басқа да көптеген заттардағы қателерге себеп болады. Ал егер оларда ақиқат орнатылса, онда бүл өте көптеген заттарда ақиқат орнатылуының себебі болады. Дәп осындай жағдайды келесі пікірлерден көреміз: "Дүние шекті ме әлде шексіз бе?" "Дене шексіздікке дейін бөліне бере ме?", "Не өткен уақытта, не болашақта тіршілік етпеген, бірақ тіршілік етуі мүмкін заттың болуы мүмкін бе?" "Өзінің жаратылысы бойынша тіршілік етпеу мүмкіндігі бар, бірақ оның тіршілік етпеуіне не өткенде, не болашақта мысал табылмайтын зат тіршілік ете ме?" "Зат өткенде болған қатынасында болашақта бола алмай ма?" "Зат болашақта болатын қатынаста өткенде болмағандай тіршілік ете алады ма?".

Осыған ұқсас мысалдар заттар шындығының (өзінде) бар тексерілуі қажет, терең бойлауды керек ететін және диалектиканың барлық амалдарын толығымен қолдануды қажетсінетін мысалдар. Аристотель өзінің келесі көзқарасында соны айтқан болатын: "Олар — оларға қатысты бізде уәж аргумент жоқ және біздің ойымызда аса маңызды орын алатын заттар. Сондықтан біздің "Неліктен олар сондай?" деуіміз "Дүниеге мәңгі ме әлде жоқ па?" дегеніміз сияқты өте қиын дүние.

Сонымен, бұл келтірілген мысал жеткілікті диалектикалық мысал, өйткені "Дүние мәңгі ме әлде жоқ па?" деп айтудың сөздік көрінісіне қатысты қарағанда оған расты, дәйекті білімге негізделген бір де бір силлогизм табу мүмкін емес. Ол дүние мәңгі болса да, мәңгі болмаса да — солай. Бұл — "дүние" сөзінің қос мәнді сөздік көрінісінің болуына байланысты, оның үстіне, бұл жерде ол ұқыпсыз (тексерусіз) алынған көрінеді. Бұл жағдайда, егер ол өзінің жиынтығында алынатын болса, онда ол өзіне көптеген бөлімдер [мағыналар] қосады; олардың кейбіреулері — ол мәңгі емес деп түсіндірсе, ал кейбіреулеріне — ол мәңгілік деп дәлелдейтін қандай да болсын бір силлогизмдер табылады, ал кейбіреулері олардың жағдайын түсіндіріп бере алмайды. Сондықтан ол ["дүние" деген сөздің көрінісі] өзінің жиынтығында алынса, онда ол кей кезде — "мәңгілік", ал кей кезде — "жаратылу, пайда болу" болып танылады. Мұндай жағдайда оған әрқашан екі қарама-қарсы силлогизм табылады.

Осыған қатысты жалғыз қалған жол — одан жүйелі түрде [дүниені] (оның бар бөлімдерінің) әр бөлімін қарастыру арқылы тану. Ол [дүние] мәңгі ме әлде жоқ па деген сұрақ тұрғысынан қарастыру болып табылады және ол [дүние] қанша қатынаста [бөлімдерде] мәңгі болады және қанша қатынаста ол туралы ол мәңгі емес деп айтатынды тауып шығу керек. Сонымен, бұл — отан дәлелдеме табуға [алып келетін] тәсіл. Бірінші тәсілге келетін болсақ, онымен әлгіге дәлелдеме табуға болмайды, тек оған бір-біріне қарама-қарсы болатын силлогизмдер ғана құрастыруға болады. Сондықтан Гален деген емші осы ізделінетінге дәлелдеме беру жолын таппады. Жеке тоқтап өтсек, ол әлгіге дәлелдеме жоқ деп есептеген. Дәлелдеменің [барлығы] оған қатысты тең бағалы және оның (дәлелдеменің) құрамындағы заттар абыржу туғыздырады деп есептеген. Сондықтан Аристотель осыған ұқсас ізделінетіндерді диалектикаға тән ізделінетіндерге [қағидаларға] жатқызатын, өйткені олар осы [мағынада] алынғанда, оларға қатысты даудың [қарсыласудың] қиын болғаны соншалық, олар не саябырсымайтын, не бітпейтін еді.

Екінші дәрежелі маңызды, жеңіл сұрақтарға, яғни адамдардың ондағы ақиқатты жеңіл таба алатындай сұрақтарға келетін болсақ, тіпті [сұрақтар] философтар бір-бірімен келіспейтін сұрақтар қатарына кірсе де, әлде осы сұрақтар ізделінетін қағида болса да, адам олардағы ақиқатты тез арада тапса, онда олармен коп шұғылдану қажет емес. Мысалы, келесі айтылғандар: "Адамға өз киімін тазалау керек пе әлде оны кір күйінде қалдыру керек пе?" "Адам біреудің алдында тұрған тамақты ішуі керек пе әлде жоқ па?" "Адам біреулерді арасында оз аяғын созуы керек пе әлде жоқ па?". Міне, осы мысалдар мен оларға ұқсастары — тіпті бізден бұрын өмір сүрген адамдар олармен келіспесе де маңызсыз (ұсақ) сұрақтар болмақ. Бірақ олар, сонымен қатар, диалектикаға да қатысты сұрақтар. Ал басқа [бірінші] аса маңызды сұрақтар оларға |екіншілеріне] тексеру [тұрғысынан алғанда] олардың алдында болуы тиіс...

Бұл жолды адам көбіне-көп затты сезіммен қабылдайтын, сол затқа ұқсас дүние арқылы тексерген кезде таңдау керектігін сезінеді. Сонымен, ол әлгі сезіммен қабылданатын затты үлгі-мысал ретінде алады. Адам өзінің ақыл зеректігінің арқасында осы сезіммен қабылданатын затты оған ұқсас келетін басқа затқа апарып қосады. Бұл жағдайда оны сол затқа теліп қоюдың өзі үнемі дұрыс бола бермейді.

Тек қана телу-тиістірудің заттың сол бір сезімдік үлгіге сәйкес келетіндей мағынасы алынғанда ғана орынды болмақ. Егер де адам өз қорытындысына сезіммен қабылданатында көзі жеткен болса, екі заттың бір бірімен ұқсастығының әрбір мағынасын қарастыра алса, онда осы мәні" барлығына қорытындының болуын дәлелдейтін ең жеңіл деген тәсіл индукция болмақ. Мұндай жағдайда жалпы алғышарт арқылы осының дұрыстығы дәлелденеді. Ал ол жалпы алғышарт дегеніміз қорытындының болу [алғышарты] — сезімдік зеректікте көрінген қорытындының бар болуы.

Жалпы алғышарт мәнділікпен сипатталатын, яғни мәні бар заттардың барлығына жарамды. Мәнділік арқылы ол зат, сезіммен қабылданатын үлгі-мысалдағыдай бола алады. Сөйтіп, ол оның субъектісіне жататын заттардың бар екендігі қосылатын жалпы алғышартқа ие болады. Бұл жағдайда басқа алғышарт пайда болады. Одан индукция, силлогизм мен мысалдардан құрастырылған пікірден шығып жатқан, осы зат үшін керекті мәнді қорытындының барлығы тұжырымдалады. Сөйтіп, қолданылатын мысал, біріншіден, риторикалық мысал болып табылады, ал осыдан кейін отан қосылатын индукция диалектикалық индукция болады. Дәл осындай жағдай силлогизмге қатысты туындайды.

Затты бірінші тексеру кезінде бұл тәсілді қолданудың еш ұяттығы жоқ. Сірә, тексерісінің бұл түрі диалектика мен ғылым үшін бірдей болып табылады. Бұл тексеріс аяқталған соң және [бүл заттарды] диалектика үшін дәлелдейтін диалектикалық заңдардың қолданылуы біткен соң, осы деңгейде заттар ғылыми заңдармен тексеріледі. Бұл жағдайда біз затты танымал зат ретінде қабылдаймыз. Бұл заттардың ұқсастығын тексерудің алғашқы (бастапқы) тексеріс, түрлерінің бірі болғандығынан орын алады. Заттардың ұқсастығын анықтау қабілеттілігі силлогизмнің ізделінгенге және кітаптың осы тұсынан кейін біздің қарастыратын дүниемізге қатысты болуының алғашқы құралдарының бірі.

Мүмкін, адамдардың бір бөлігі үлгі-мысалдарды диалектикалық сұхбаттардағы диалектикалық [заттар] деп қате қабылдаған болар. Өйткені олар диалектикалық тәсілді риторикалық тәсілден айыра алмаған. Ал енді адамдардың келесі бір бөлігі индукция арқылы үлкен алғышарты дәлелдеуді көздеген. Сондықтан олар, біз бұрын көп рет ескерткендей, индукцияның бұл мақсатқа сәйкес еместігін сезінгенде, олар индукцияны, бір жағынан, жалпы алғышарттарды дәлелдеуге келмейді деп индукцияны теріске шытарды жөне оны [индукцияны] сол алғышартты" жалғандығын мәлімдеу үшін қолдана бастады.

Олар индукция, силлогизм мен мысалдарынан құрастырылған пікір айтудан индукцияның орнына осы мағынаны, яғни сезіммен қабылданатын мысал мен тексерілетін заттың және жалпы алғышарттың ұқсас болуын растайтын басқа заттар таба бастады. Мысалы, тіршілікте болу тәсілі мен жоғалу (ысыру) тәсілі және қарама-қарсылықтағы қарама-қарсылық тәсілі сияқты жалпы алғышарт. Дегенмен, бұған қарамастан, олар индукцияны қолданудан бас тартады, сөйтіп диалектика тәсілінің шегінен тыс шығып, индукцияға қарағанда шынайылау (дұрысырақ) келетін дәлелдеудің басқа деңгейіне көшті. Әрі олар бүл тәсілдің ғылым тәсілі екеніне кәміл сенді. Бірақ (дегенмен) олар мысал мен сол сияқты, яғни ұқсас орындарды қолданды. Сонысымен олар ғылым тәсілінің шегінен тыс шығып кетті. Бұл адамдардың барлығы білімге ғылым тәсілі мен дәйекті білім арқылы келуге ұмтылмады.

Бұл, біз бұрын қарастырып өткен қатынастардың бірінде, риторикалық, диалектикалық және ғылыми [заттармен] араласып кеткен өнері бар адамдардың жолында кездесіп отырды. Өйткені бүл үш тәсілді олар ажырата алмады. Олар оны расталуы тиіс нәрсені растау үшін [қолдана] бастады, сөйтіп оз оқытуларында риторикалық тәсілдерді қолдана бастады. Сол сияқты өздерінің терістегісі келгенді терістеу барысында да қолданды. Ұқсастық арқылы қарсылық білдіру мен қарама-қарсылықта қарама-қарсылық арқылы қарсылық білдіруді қолданды. Мақтаулы ой арқылы және соған ұқсас наразылық пікір арқылы қарсылық білдіруді қолданды. Олар туралы біз риторика өнеріне арналған кітапта қарастырған болатынбыз, ал риторика тылымда да, диалектикада да бірде бір заттан қашқақтамайды.

Индукция диалектикада да, басқа мақсаттарда да қолданыс абуы мүмкін. Олардың бірі, пікір айтуды ұлғайту мақсатында және оның гүлденуінде, оны әрлеуде тұжырымдалса, келесі бірі айтылған пікірді түсіндіруде (мәлімдеуде) тұжырымдалады. Индукция арқылы бір алғышарт көптеген алғышарттарға бөлінуі мүмкін. Бұндай жағдайда пікір айту көбейеді. Сондай-ақ, индукция бір заттың мысалдарын ұлғайтып,сонысымен сол затты адамның жетік түсінуін көздейді. Сонымен қатар, индукция жауап берушіден алатынды бүркемелеу үшін де қолданылуы мүмкін.

Бұл жағдай заттардың орнына заттардың бір бөлігінің ғана алынуының салдарынан да болады, сонда жауап берушінің оны оның бөліктерін бергендей қылып суырықтатып береді, содан кейін барып қана ол тек жалпыны беруі мүмкін. Индукция, сондай-ақ, жауап берушіні сендіру үшін де қолданылады. Көбінде ол жалпы алғышарттарды оның бөліктері арқылы дәлелдегенде орын алып отыратын жағдай. Содан соң одан алғышартты одан қашып құтылмайтындай, жалтара алмайтындай етіп беруді талап ететін болған және оның бөліктерін беріп қойған болса, онда оның өзін беріп қоймауды да талап еткен. Бұл жағдай — индукцияда қолданылатын жағдай болып табылады.

Ғылымда индукция сияқты зат қолданылуы мүмкін, өйткені, әдетте, әрбір адамға оның алғашқы танымы арқылы бір қарағаннан көзқарасы ретінде белгілі болған көптеген бірінші жалпы алғышарттарға қатынасында адам оларға ие екендігін байқамайды және болжамайды да. Әрі ол (адам) оларды айта тұра, не олардың жан-жақты, әмбебап (жалпы) болғандықтан шынайы екеніне, не олардың оз заманында қолданылатын сөйлемдер көрінісі негізінде айтылатындығынан шынайы екендігіне, немесе осыған дейін ол оларды қолданылуды қажет еткен сондай бір әрекеттерді мүлдем қолданбағандықтан оның шынайы екеніне, не жалпы ретінде жасаған әрекеттерінде олардың бөліктерін қолданғандықтан олардың шындығына нық сенімсіз. Сондықтан, егер пікірдің айтылуы оларды" жалпы болып табылатындығын байқатқанда, ол пікір олардың шындығына сенімділік тудырмайды, себебі ол оған айтылған мағынаны түсінбейді.

Мұндай жағдайда, оған айтылған ой берілген сөздердің мағынасын түсіну үшін керек бөліктерді зер салып қарайды, тек осыдан кейін барып, оны түсінген соң, ол ең сенімді деген, дәйекті білімге ие болады. Бірақ бүл білім оған индукция арқылы берілмейді, ол ауызша айтылғанның мағынасын түсінуінің нәтижесінде беріледі. Әрі оның өз жанына тән, бірақ оның оны оның бөлшектерін жіктемеген, осы бір жалпы мағынаны бар деп білгендігінен де болады. Ол адамда, сондай-ақ, онымен қамтылатынның барлығына предикат болып табылатын мағынаға қатысты сенімділік қалыптасады.

Ол да Аристотельдің өзінің "Дәлелдеу" деген кітабының басында келтіріп кеткен төмендегідей пікірді айтқанындай: "Кез келген білім беру [оқыту], кез келген [ойланатын] оқу, [ой арқылы келетін] оқу тек бұрын болған білімнен келіп шығады", — деген пікіріне ұқсас. Осыдан кейін (ол) тыңдаушының оған мысалдар арқылы айтылған мағынаны түсінген кезінде жалпы алғышарттардан ең сенімді деген дәйекті білімді алу үшін ғылымдар мен өнерлерді мұқият қарастырады. Мұндай жағдайда, осы бір мұқият зерттеу тіптен индукция деп аталмаған, ғылыми индукция деп қана аталған.

Көріп отырғанымыздай, индукцияда, жағдай келтірілген мысалдағыдай, [ал ол мысал риторикалық және ғылыми мысал болғандықтан], дәл солайша қаралуы мүмкін. Риторикалық мысал адамда не наным, не сенімдер тудырмайды, ал ғылыми мысал жалпы мағынаны түсіндіру мен оны жанда қалыптастыру үшін қолданады. Ол оны өзінің көз алдына елестетеді әрі оның ақылы зерделенетін (ақыл-парасатпен қабылданатын) заттарды тану барысында соған (яғни бар затқа) жүгінеді.

Дәл сол сияқты, индукция да диалектикалық және ғылыми индукция болуы мүмкін. Диалектикалық индукция алғышартты растау үшін және оның жалпылығын немесе оның шынайы ақиқаттығын бекіту үшін қолданылады. Ғылыми [индукция] оны дәлелдеу үшін емес, оның [алғышартының] ақиқаттылығына наным тудыру үшін емес, оның [алғышарттарының] ақиқаттығына көз жеткізу үшін емес жөне оның [алғышарттың] ақиқаттығын бекіту үшін де емес, тек жалпы алғышарттың мағынасын біліп, айқындап түсіндіру үшін қолданылады. Сондықтан, егер бүл алғышарттың ақиқаттығы және оның (алғышарттың) дәйекті білімнен тұратындығы индукцияны [қолданғаннан] кейін белгіленген болса, онда бүл, біріншіден, индукцияның қолданылуы арқасында болған жай емес, керісінше, бұрынырақ дерексіздендірілген, абстрактіленген (шығарылып алынған) болып табылатын жалпы магына бейнесінде адам жанында болуынан туындайды. Сондықтан бұны индукцияға жатқызу бірінші кезекті іс емес, екінші кезекті іс әрі ол жөніндегі жалпы және шартты силлогизмнің мағынасын түсіну арқылы жасалатын іс болуы керек.

Шартты силлогизм /18/ шартты-жалғаулы және шартты - ажыратулы болады және шындығында да әрі қажетті түрде кейінгінің өткенмен байланысы бар силлогизм болады, сол сияқты, ондағы байланыстың қандай да бір уақытта, не жағдайдың кездейсоқ сәйкес келуіне байланысты силлогизм де болады, не алатын орнының әлде терминінің (сөз қолданысының) сәйкес келуіне байланысты силлогизм болады. Сондай-ақ, өткеннен келесінің бөлінуі болатын силлогизмде де жағдай тура осындай.

Шартты-ажыратулы [силлогизмдер] қажетті түрде шындықта бөлінген силлогизм болады және, сондай-ақ, бөлінудің қандай да бір уақытта орын алатын силлогизм, не [сөзді қолданудың] термині", не жағдайды", не кездейсоқ сәйкестіктің салдары бойынша болат силлогизм болады. Сонымен, "Егер күн шықса, онда күндіз болды" деген пікір айту шартты - жалғаулы силлогизм және ондағы келесінің өткенмен байланысы шындықта бар байланыс және тұрақты байланыс. Ал, "Мына сан не жұп, не тақ" деген пікір айту болса, онда ол шартты-ажыратушы силлогизм. Ондағы бөліну (ажырату) шындықта бар нәрсе және тұрақты нәрсе. "Егер Зейд келсе, онда Амр кетеді" деген пікірге келсек, онда бүл жерде кездейсоқ сәйкес келуге байланысты силлогизм бар. "Егер бүгін жауын болса, онда жауыннан жол бұзылады" деген пікірде шындықта бар болған күннің өзінде, онда [бәрібір де] қандай да бір уақыт шамасында ғана болатын силлогизм бар.

Сондай-ақ, "Не Зейд, не Амр келеді" деген пікірдегі іс жағдайы да солай. Ондағы бөліну шындықтағы тура бөліну емес, кездейсоқ сәйкестік пен кездейсоқ жағдайға сай бөліну болып табылады.

Шындықта қажетті түрде кездеспейтін, қандай да бір уақытта кездейсоқ үйлесімділікке сай болып отырған жалғаулы және жалғаусыз, ажыратушы пікірлер, [сөзді қолдануға], терминіне сәйкес, не жалғаулы силлогизм, не жалғаусыз, ажыратушы силлогизм. Бүл жағдай туралы пікірлерге тән нәрсе. Олардан құралатын силлогизмдер жағдай силлогизмдері деп аталады, өйткені барлық шартты силлогизмдер жағдай силлогизмдер! деп аталады. Бірақ, бұл [пікірлер] "жағдай" атауы өзіне тән шарттыларға жатады. Бұл атау оларды жекеше (ерекше) және жалпы түрде білдіреді. Осылайша, бұл [пікірлер] жағдай силлогизмдеріне жататын пікірлер болады. Олар тек оларды диалектикада пайдалану үшін ғана расталатын және сонда ғана пайдалы пікірлер. Оларды жауап берушінің мойындағанынан кейін қолданады. Ал енді жауап беруші оларды мойындамаған болса, онда олар қолдануға жарамсыз болмақ.

Шартты-жалғаулы [силлогизм] келесісі өткенінің салдары [атрибуты] болмайтындай, керісінше, өтіп кеткен сияқты болатындай силлогизм болуы мүмкін. Осындай жолмен диалектикада олардың екеуінің ішіндегі ең жасырыны үшін аргумент сапасында бір-бірімен ұқсас екі [заттың] көбірек танымалдырағы қолданыс табуы мүмкін.

Сонымен, бір-біріне ұқсас заттар, диалектикада тек категориялық (силлогизм) көмегімен емес, шартты силлогизм арқылы қолданылады. Бүл олардан категориялық силлогизмді шығарып құрастыру арқылы қолданудың диалектикалық емес, риторикалық болғандығына байланысты. Мысалы, "егер есту қабілеті естілетін дауысты (дыбысты) дыбыстың естуге қарай қозғалысы арқылы таныр болса, яғни естуден естілетін дыбысқа қарай емес, сол тәрізді, көрінетіннің көруге қарай қозғалуы арқылы, көру көрінетінді ұғынады. Демек, көруден көрінетінге емес деген соз." Сол сияқты, іс жағдайы, бір бөліктен немесе [санының] кіші бөлігінен жалпыға келіп көтерілетін болса да солай.

Сонымен, категориялық [силлогизм] ақылы болатын силлогизм риторикалық, ал шартты [силлогизм] арқылы болатын силлогизм диалектикалық болып табылады. Мысалы: "Егер адам жаны өлмейтін болса, онда кез келген жан өлмейтін болып табылады", "Егер қандай да бір ғаламшар шар тәріздес болса, онда басқа ғаламшарлар да шар тәріздес" деген пікірлердегі сияқты. Осы [заттарға] ұқсас, заттардан бөлігіне қатыстыны жауап берушінің мақұлдауы керек, содан кейін, айтып өткеніміздей, қалғандарын аламыз.

Шартты - жалғаулы [силлогизм] (өздігінен) айқын және айқын емес байланыста болуы мүмкін, мұндай жағдайда, ондағы бар байланысты" дұрыс қалыптасуын талап етеді. Сонымен, шартты - жалғаулы [силлогизмде] заттың негізгі бөлігі байланыстың дұрыстығында және альт тасталғанның дұрыстығында тұжырымдалады. Өткен мен кейінгінің әрқайсысының бір бөлек дұрыс болуын анықтауға келетін болсақ, онда шартты пікір айту бұны өзінің мақсаты етіп қоймайды. Керісінше, оларға қатысты, олардың біреуі де дұрыс болмауы мүмкін.

Сонымен, шартты пікір айту, тек дұрыс байланысты қалыптастыруды ғана көздейді. Ал, алдыңғы мен кейінгіге келсек, онда ол (екеуінің) тіпті бір де бір заты дұрыс болмаса, онда олар арқылы, пікір айтудың шартты болатындығы жоққа шығарылмайды. Келесі мен өткеннің мазмұны алып тасталатыны тікелей тәуелді болып табылатындығы осыған куәгерлік етеді. Осылайша, келесінің қарама-қарсылығы дұрыс, тура санатында жоққа шығарылады. Мұндай жағдайда, өткенге қарама-қарсы тұжырымдама (қорытынды) шығарылады. Біз оларды мазмұндағанымыздай, егер олардың екеуі де дұрыс болса, онда келесіге қарама-қарсылық дұрыс, ақиқат ретінде жоққа шығарылмайды, оның орнына алдыңғыға қарама-қарсы тұжырым қабылданады, өйткені, олардың екеуі де бірге тұрып ақиқат бола алмайтындай, екі қарама-қарсылық. Мұндай жағдайда, керісінше, өткен мен келесі болатын (олардың екеуінің) сапасына тиісті жағдайды ғана қажет етеді, өйткені, бұл олардың екеуінің де өз бетінше сөзсіз дұрыс болғандығынан емес, жағдайына байланысты осылайша жағдайдың қалыптасуынан болатын нәрсе.

Сондықтан кез келген шартты силлогизм (жағдай) силлогизмі деп аталады, өйткені, өткен және келесі болып табылатын ондағы шарттың (екі) бөлігінің кез келгені, мына жағдайда анықталады — оны анықтаушы адам алдында олардың (екеуінің) біреуі де дұрыс болып табылмайтын кезде, олардың орнығуынан кейін, болмайтынның әрекетін күтетін жағдайда анықталады.

Сондықтан, алдымен ол болмайтынның дұрыстығын айқындауды қажет етеді, сонан соң, оны болдырмайды немесе (сол сияқты) оны қандай да бір жағдай сияқты алынып тасталады. Сонымен, егер ол шығарылатын болса, онда одан кейін сөйлеуші алып тасталғанды растаумен айналысады немесе сөйлеуші алып тастайды, немесе (қорытындыны айқындауға дейін) жоққа шығарғанын растаумен айналысады. Содан соң, егер де жоққа шығаруы дұрыс болса, онда ол қорытынды шығарады. Мұндай жағдайда, сөйлеуші (айтушы) оған қатысты қажетті деп тапқан кез келген екі нәрсені жасауы мүмкін.

Қайшылық силлогизмі туралы айтар болсақ /19/, онда ол үш түрден тұрады: 1) ашық айтылатын категориялық анықтықтан, 2) категориялық жасырыннан, 3) жасырын шарттыдан. Жасырын шарттыны айтар болсақ, ол кез келген зат туралы айту болып табылады. Онда мақұлданатын алғышарт бүл заттың ақиқаттылығын растайды, не терістейтін алғышарт бүл затты мойындамайды. Немесе, бүл пікір айту — егер мойындамайтын алғышарт ақиқат болмаса, онда оған қарама-қарсы мақұлдайтын алғышарт ақиқат болатын пікір айту, немесе, егер мақұлдайтын алғышарт ақиқат болмаса, онда оған қарама-қарсы мойындамайтын алғышарт ақиқат болып табылатын пікір. Дегенмен, егер мақұлдайтын немесе мойындайтын алғышарттар жалған болса, онда [әрбір] оған қарама-қарсы нәрсе ақиқат болып табылады.

Одан кейін, күмән тудыратын қалып қойған жалған алғышартты айқындауға кіріседі, содан соң, оған ақиқаттылығында еш күмән тудырмайтын ақиқат алғышарт қосылады. Егер де олардан абсурд шықса, онда бұл силлогизм абсурд шығаратын силлогизм болады. Әрине, абсурд шығатындардың барлығы абсурдты болады. Сонымен, бүл силлогизмде де абсурд бар деген сөз. Ал абсурд шығатын силлогизм екі алғышарттың ішіндегі ақиқатты [алғышартта] бола алмайды. Ендеше, солай болғандықтан, жалған алғышарт деп күмән тудыратын алғышартты айтады. Сондықтан, біз "абсурд болатынның барлығы да — абсурд" және "күмән тудыратын [алғышарт] дегеніміз абсурд шығатын алғышарт" деп қабылдаймыз. Басқа жасырын [категориялық] силлогизмде [әдетте] оның күші қолданылады.

Осы үшеуінен категориялық силлогизм ашық айтылатын силлогизм — бүл күмәнданатын алғышарттан тұратын, бірақ оған басқа ақиқат алғышарт қосылған алғышарттан тұратын силлогизм. Сонымен, осы үш силлогизмнің екеуі жасырын силлогизмдер. Оларда тек күш [қорытындыға ілесудің талассыздығы] қана қолданылады. Бұл силлогизмдер — олардың [екеуінде де] екі үлкен алғышарттың кез келген қайшылық силлогизміндегі бір ғана алғышарт болатындығынан, жасырып силлогизмдер болып табылады.

Абсурд шығатын силлогизмнің айырмашылықты тек оның басқалардан сол бір ғана [ізделінген] жағдайда тұрақты түрде ісімен өзгешеленетіндігі ашық айтылатын силлогизм болуынан деп түсіну керек. Ізделінген қағиданың өзгеруіне байланысты өзгермейтін және үнемі бірқалыпты болып қалатын силлогизм туралы айтар болсақ, онда ол оның [ашық] айтылуын қажет етпейді. Одан оның тек күші ғана қолданылады.

Қайшылықтың ғылыми силлогизмі — абсурдтың [шешілуімен] аяқталатын силлогизм. Қайшылықтың диалектикалық силлогизмі тек софистикалықтың шешімімен ғана емес, сондай-ақ эристикалықтың да (шындыққа жатпайтын, түйсіксіз, алдамшы, әдепсіз) шешімімен аяқталады, өйткені соңғы диалектикада ғылымдағы абсурдтың" орнына ие болады (Бұл туралы Аристотель былай деген болатын: "Дау-дамайдағы эристика дегеніміз жаман құралдарды пайдаланып күресу дегенді білдіреді. Эристик диалектикадан бастауын алып жатқан нәрселерден жол алғанымен де, қалғанының барлығында эристик, яғни ұятсыз күйінде қалып қояды").

Абсурдтық дегеніміз қажеттілікпен біріккен жалғандық немесе әрқашан жалған болып табылатын жалғандық және өзгеріп, ақиқат бола алмайтын жалғандық. Эристикалық дегеніміздің қарама-қарсысы әрқашан ақиқат болады, демек, оның қарама-қарсылығы қашанда ақиқат болған. Ол — баршаның бірдей лақтырып тастайтын көзқарасы немесе ол көзқарасты баршаның бірдей итеріп тастауы жалпылама қабылданған дүние, қалыпты жағдай деген сөз. Оған жалпылама қабылданған жоғары бағаланатын [тартымды] көзқарас қарама-қарсы келеді.

Сонымен, жалпылама қабылданған жоғары бағаланатын [көзқарас] ақиқат болғандықтан ғана немесе [тіршілік] болмысына сәйкес болғандықтан ғана бар еместігі сияқты,эристикалық та өзінің жалған және болмысқа сәйкес еместігінен ғана шеттетілмейді. Өйткені кейбір адамдар ол ақиқат па әлде жалған ба, оған көңіл бөлмей, оны қажет деп білетіндіктен солай болады. Дәл сол сияқты, жалпылама қабылданған дүниелердің де жоғары бағалануы — оның ақиқат әлде жалған болуына тәуелсіз түрде орын алып отырады.

Сонымен, эристикалық көзқарас осы айтып өткеніміздей болып табылады, бірақ, оны кейбір адамдар, яғни ғылымда өздерінің жетістіктерімен танымал адамдар шығарулары мүмкін. Сонымен, қайшылық силлогизмінен жауап беруші бас тартпайтын, қайта оған силлогизм шығаруға асығатын, жалған дәлел шығуы мүмкін. Сондай-ақ, қайшылық силлогизмін қолдану, диалектика өнерінде эристика күшін әлсіретеді, тіпті ол көрінер -көрінбестей болып қалады, немесе оның күші азаятындығы соншалық, тіпті оған оны күшейтетін диалектикалық силлогизм өндіру де мүмкін болмай қалады және де ол туралы білімді адамның көзқарасы мүлдем жоқ дерлік.

Аль-Фараби. Историко-философские трактаты.

Алма-Ата: "Наука ", 1985 - С. 361 - 592.

Түсініктеме

Ғылымның логикалық негіздері

1. Бұл үзінді әл - Фарабидің логикалық мұрасының бір бөлігі болып табылады және ғұламаның "Диалектика" еңбегінен алынған. Мамандардың пікірі бойынша, Әбу Насырдың логика туралы қырыққа жуық шығармалары сақталған. Оның еңбектерінің кейбіреуі осы сериялардан: "Силлогизм", "Софистика", "Риторика" және "Поэзия [өнері] туралы". Братислантық араб қолжазбасынан (N23I-T.1-41) тікелей аударылып, әл -Фарабидің "Логикалық трактаттары" (Алматы, 1975) кітабында жарияланған.

Ф.Хаддадтың Стамбулдық араб қолжазбаларында осындай ұқсас атпен шыққан шығармалар бар деген хабарлауынан басқа, бұл трактат туралы әдебиетте басқа мәліметтер жоқ. Сондай-ақ оның басқа тілдерге аудармалары жөнінде де мәлімет жоқ.

2. Әл-Фараби жалпыға бірдей (шындыққа сай) алғышарттар тек адамға ғана тән (сәйкес) деп санайды.

3. Махсусәт — сезімдік білімнен тұратын алғышарттар, әл-Фарабидің пікірінше, олар адам үшін және басқа тірі жәндіктер үшін жалпы ортақ болып табылады, өйткені сезімдік қабылдау барлық тірі жәндіктерге тән қасиет. Әл-Фараби бұл алғышарттар тек индукцияда қолданылады деп белгілейді.

4. Әл-Фараби жалпыға бірдей алғышарттар біртіндеп танылады және оларға адамдардың тәрбиесі мен өзара түсініктері негізделген деп белгілейді.

5. Әл-Фарабидің пікірінше, мақұлдайтын жалпыға бірдей алғышарттар ақиқаттан тұратын аподейктикалық алғы шарттарға тең, ал айыптайтын жалпыға бірдей алғышарттар жалған мазмұннан тұратын аподейктикалық алғышартқа тең.

6. Тіршілік ететін заттарды тексеру мен анализ жасау үшін оның бастамасы ретіндегі жалпылама қабылданған алғышарт керек деп әл-Фараби нақты көрсетеді.

7. Фадыйлат ас-сабқ — жарысудың кереметтігі сонда — ол — диалектикалық сұхбатқа қатысушыларды рақатқа бөлейтін нәрсе. Бұл жағдай екі бәсекелесушінің бәсекеге бірдей қатыса алатын қабілеті мен диалектикалық өнерді бірдей білуін де мүмкін екенін көрсетеді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, диалектикалық бәсекенің екі қатысушысының жеңісі болса да, жеңілісі болса да — бәрібір — ол тең нәтиже береді дейді.

8. Диалектикалық бәсекеде зерденің (интеллектінің) шекті шиеленісуі бар, оны адамның өз-өзіне кереғарлық танытпай, үздіксіз талаптанып, барлық жаңа жағдайларды іздеп табуынан көруге болады деп түсіндіреді әл-Фараби. Жаңа жағдайларды іздеу ойлау желісін сәл де болса бұрып алмай, барлық күшті шекті (максималды) түрде жұмсауды талап етеді.

9. Әл-қийасәт әл-мутақабилә — қарама-қарсы силлогизмдер. Әл-Фараби бұл ұғымды логикалық термин ретінде қолданады.

10. Әл-қийас эл'илмий — ғылыми силлогизм. Мұны әл-Фараби дұрыс, дәйекті білімдерді қамтитын аподейктикалық силлогизм дейді.

11. Эл'улум әл-фәлсафийа — философиялық ғылымдар. Әл-Фарабидің пікірінше, бүл ғылымдар дұрыс, дәйекті білімге негізделген ғылымдар болып табылады. Олар оз бастамасы ретінде дұрыс, дәйекті білімге негізделген әмбебап бірінші алғышарттарға иелік етеді.

12. Ат-тариқ ол-мухталит — аралас әдіс. Әл-Фарабидің пікірінше, бұндай әдісті ертедегі уақыттарда философтар қолданған. Бұл әдістің ішіне аподейктикалық, диалектикалық және софистикалық әдістер қосындысынан тұратын кіреді.

13. Аподейктикада қолданылатын сұрақтарды да әл - Фараби екіге бөледі:

1) қандай да бір ұғымды түсіндіретін сұрақ;

2) заттардағы заттардың болуын анықтайтын сұрақ.

Бұл сұрақтарда екі шиеленістің басы бірігеді және екеуінің арасынан шын ақиқатын дәлелдеу көзделеді. Оның үстіне, жауап беруші екеуінің қайсысы шындық екенін анықтап, шын дәлелденгенін ғана түсіндіреді.

14. Заттардың бар екендігін білу, әл - Фараби бойынша, оз тарапынан екі кезеңге бөлінеді. Алдымен еш дәлелсіз, шынайы қарама-қарсылық жөніндегі мағлұмат беріледі, содан соң оның дәлелдемелері келтіріледі.

15. Қийас әл-уад' — қағида силлогизмі. Әл-Фараби бұлай деп әңгімелесіп отырған адамға қойылған шартты жеткізетін сөйлемді атайды:

16. Әл-Фараби жалпы қабылданған алғышарттарды моральдық нормалар мен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрғысынан қарастырады. Ол өз мағынасына жалпы барлық халыққа бірдей қылықтарды сыйғызады.

17. Әл-муқадцамәт ал-мәшһура фи әл-ахләк — жалпылай қабылданған этикалық алғышарттар. Әл-Фарабидің пікірінше, олардың негізінде тәрбие, оқу, пайымдау, талаптану процестері жүзеге асады. Ол бұл алғы шарттарға күдікпен қарауға болмайды және олардан диалектикалық тезис жасауға болмайды деп санайды. Бұл алғышарттарға қарсы шыққан адамдар оз жазасын қашанда тартқан.

18. Әл-қийас аш-шартий — шартты силлогизм. Әл-Фараби ілімі бойынша, ол екі топқа: шартты - біріктіруші және шартты - ажыратушы топқа бөлінеді.

19. Қийас әл-халф — қайшылық силлогизмі. Әл-Фараби оны: категориялық, категориялық - жабық (жасырын), шартты - жабық (жасырын) деп бөледі.