Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ҚАЙТАЛАУ

Қыстан қорқып ақ боран

Қашып келем күзден мен.

Жазым қайда жоғалды

Табар ма екем іздеп мен?

Табар ма екем іздеп мен,

Тартып келем іздермен.

Шыға берем айналып

Сиқы кеткен күздеуден.

Жер домалақ дейтін ек,

Рас екен, енді ұқтым.

Жүр екенмін дөңгелеп

Жібіндей - ақ ұршықтың.