Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

УАҚЫТ

Уақыт та судай ағады,

Өтеді дайым сезілмей.

Тек сағат қана соғады

Шыдаған әрең төзімдей...

Соғады тық-тық тынбастан,

Отырмын бағып тұрмастан.

Өзімен өзі сырласқан

Үңіліп маған тұрды аспан...

Айрылдым талай құрдастан

Келемін әзір сынбастан.

Алыста жатыр іздерім

Ақ селеулер мен құм басқан...

Өткені қанша уақыттың,

Келері қанша жалғаса,

Берері жоқ қой уақыттың

Таласып өзің алмасаң.