Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ТАҒЫ ДА БАЛAMА

Жат екен мыналар демесін,

Тыңдашы әкеңнің кеңесін.

Өз ақылың жететін түрі жоқ,

Әкеңнің сарқытын жемесең.

Өмірдің қағып бір шегесін

Үйренші, түк білмес демесін.

Одан соң бастай бер ұялмай

Өзгемен пәлсапа егесін.

Әйтпесе арыңды төгесің,

Желге кетеді-ау кеңесім.

Желқайық тоқтата алмайды

Теңіздің тереңшіл кемесін.