Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

БІР АҚЫНFA

Қағаз көп, сатылатын қалам да көп,

Құптайтын ақын бол деп адам да көп.

Мақтайтын мәз болғанша адал да көп

Даттайтын мәз болғанша арам да көп.

Бәрі бар жарытамын, жазам десең,

Жол да бар жарысамын озам десең.

Шабытсыз шабысына өкінбе тек

Соңында жүйріктердің тозаң жесең.

***

Білемін бір білгірді,

Қылт еткенді ілгірді.

Жүрмін кәзір жуыспай,

Көргім келмей құрғырды.

Сыйлаушы ем сол білгірді,

Жақын көріп құрбымды.

Мен жақсылап жүргенде,

Ол жамандап үлгірді.

Талай тастап шылбырды,

Сүйреп едім құрғырды,

Есін жинап алған соң

Жігерімді құм қылды.