Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ҚАРЫН ТОҚ...

Отырмын, қарап, күлемін

Ана бір жүрген мастарға:

Біреуі түрген білегін,

Еменді жұлып тастауға.

Біреуі жепті таяқты,

Барады сұрап бас сауға.

Басады - ау әрең аяқты

Амалы қанша қашпауға.

Шіркіндер қалай құныққан,

Арақсыз аяқ баспайды.

Өздері әбден шыныққан

Көшеде - ақ қылғып тастайды.

Қарын тоқ кәзір, көйлек көк,

Жайына қалған бас қайғы.

Кісі деп кейде сөйлессең

Ішкенін айта бастайды.