Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ЖАНЫМЫЗ ТОЛЫ

Жанымыз толы жауынгер жалын жігерге,

Көңіліміз ашық, тұмансыз күндей жап-жарық,

Ойымыз дарқан толқыған Ертіс, Еділдей

Толқый бір аққан шың менен құзды қақ жарып.

Қиялдап әне күмбездей көкте қалқып жүр –

Ғажайып сонау қыранның таққан қанатын.

Биік шатқалдан іздейді алтын ұялар –

Кеш сайын күннен алаулар алып қалатын.

Биік шатқалдан іздейді алтын ұялар

Кеш сайын күннен алаулар алып қалатын,

Кеш сайын, күнде сорғалай ағып қиядан

Әр бір жүрекке от тамшы болып қонатын.

***

Тіпті алыс жатса іргеміз,

Көріспей жүрсек те күнде біз,

Көңіліміз бөлініп көрген жоқ.

Күндіз де, түнде де біргеміз.

Болмайды шыққан із, кірген із,

Сонда да бір үйде біргеміз.

Үнсіз - ақ сөйлесе береміз,

Өзгелер ұқпайтын тілде біз.