Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ОСЫ АДАМ

Қандай қызық осы адаммен кездесу,

Қуанам мен қараймын да таңданып,

Ажарында, я жанында кірбең жоқ,

Ішінде оның тұрған шығар шам жанып.

Ішінде оның тұрған шығар шам жанып,

Қашан көрсең төңірегі оның жап-жарық.

Қандай екен, қандай екен жүрегі,

Көрер ме еді көкірегін қақ жарып!