Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ТАҒЫ ДА ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Таң сәріден, түннен кейін, -

Күннен бұрын ояндым.

Жастығымда жатыр басым жып-жылы

Көжегіндей қоянның.

Шүкір, құдай, бар екенмін бүгін де,

Сексеуілге айналмапты қолдарым.

Біреуі ұзын, бірі қысқа аяғым,

Сөйлеп жатыр әлі жүрер жол барын.

Тозған көрік кеудемдегі кезінде

Дем беріп тұр тірлігіме тынбастан.

Күнгірт тартқан хрустальдар көзіме

Таң сәулесін қабылдайды сынбастан.

Шүкір, құдай, бар екенмін бүгін де,

Көк теңізден күн шықса деп тілеймін,

Кешке дейін қанша өмір бар алдымда,

Оған дейін керегі не жүдеудің.