Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

МЕЙІРІМІМ

Мейрімімнің шегі жоқ

Сенгенім мен сүйгенге.

От боп жанғым келеді

Жылуы жоқ үйлерде.

Мейрімімнің шегі жоқ

Сенгенім мен сүйгенге.

Шам боп жанғым келеді

Жарығы жоқ үйлерде.

Мейрімімнің шегі жоқ

Сенгенім мен сүйгенге.

Сүйген үшін ризамын

Күюге де, күйреуге.

Жансыз қара тастаймын

Қалса көңілім сүйгенге.

Мұздай ызғар жатады

От жанатын кеудемде.

Жабылады жүрегім

Қалса көңлім сенгенге,

Санаймын да қоямын

Сенгенімді өлгенге.