Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ОЛ ОҢАЙ-АҚ ТАУЫПТЫ

Іздедім кеп, іздедім

– Іздеушіміз біз! дедім.

Із кескен ит секілді

Шаршап талай өкіндім...

Іздедім кеп, іздедім

Ізден күдер үзбедім.

Алдымда бар жаз дедім,

Алдымда бар күз дедім.

Жаз да кетті, күз кетті,

Талай-талай із кетті.

Тіркелді де тізімге

Қанша тыныс үзілді.

Мен таба алмай тоқтадым,

Ол оңай-ақ тауыпты,

Сандығына салыпты,

Кілтін мықтап жауыпты.