Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

АДАМ

***

Өтіп жатыр күндер жосып бөгелмей,

Уақыт шіркін ағытылған көгендей.

Тозса да адам тұрып бағар жығылмай,

Қирағанша қасарысқан емендей.

***

Адам түк те сезбейді құя ілгері,

Бірдем әрі болғанда, бірдем бері.

Түсіп жүріп әркімнің ізіне біз,

Тозып біткен жапырақтай үзілеміз.

***

Адам тозса аянышты - ақ сымбатты:

Кетеді екен көнін уақыт құрғатып.

Қалқан құлақ, қоңқақ мұрын мүжіліп,

Қазады екен тілі ғана кіжініп.

***

Аңсап көрсең бір сағынған жаныңды,

Толқын ойдан туады өлең жалынды.

Іштен дұға оқығандай үнсіз – ақ

Айтып-айтып жібересің барыңды.

***

Қайтем мен тасбақа боп көп жасайтын,

Көрмейтін көңілім шарлар көгімді айқын,

Осы бір қысқа өмірімнің өзі қызық,

Өткізер достарыммен өлең айтып.