Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӨЗ АТЫМНАН

Драмашы боламын да,

Таңдандырам театрды демеймін.

Тапқан жоқпын таңдап әлі,

Тарихын да таңғажайып геройдың.

Іздегенім - трибуналар,

Іздегенім - ұғушылар сөзімді,

Өзім айтам сезгенімді,

Құлағы сау тыңдаушыға төзімді.

Бар сенгенім, сүйенгенім,

Оркестрі Жұбанұлы Ақаңның.

Қосып соған сиқыры жоқ үнімді,

Орнын басам Жамбыл деген атамның.

Айта берем алдарында тұрам да

Ұйығанын ой шіркіннің күтпеймін.

Ал тыңдай бер, мен жырымды бастаймын,

Әйтпейінше автор сөзі бітпейді.

***

Ақпан - Тоқпан,

Тоқтал, сақтан!

Қай күніңе жарамақ

Әлсіз мақтан!

Көрінеді жүйрік – ақ

Жалғыз шапқан.

Ақпан - Тоқпан!

Өзің жеңіл болғанда сөзің батбан,

Көрінеді жүйрік – ақ

Жалғыз шапқан,

Есің қашан кіреді

Құдай атқан!