Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

СЫНШЫНЫҢ СЫРЫ

Жаны жүдеу, жүрегі әлсіз біреуге,

Күнде әзірмін жақсы тілек тілеуге,

Бірақ тілім тартып кете береді,

Әдетімен сыншылықтың мінеуге.

Болғаннан соң бар кәсібің сыншылық,

Ете алмайсың аллаға да құлшылық,

Сәл мейірімді көріндің - ақ сенбес жұрт

Сыншы неден қалды екен деп қымсынып.