Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ІШТІҢ, ІШТІҢ, ІШТІҢ КЕП

Іштің, іштің, іштің кеп тоқталмадың,

Арақ ішсем деуші едің жоқ-ты арманым.

Енді міні жаманның бірі атандың,

Артық емес сияқты жоқтан барың.

«Жаман болып не керек тірі болып,

Тірі жүрген жаманның бірі болып».

Сүйретілген сүлдердің несі жақсы,

Арың арзан, ұятың сірі болып.

Кеуде деген қуыс қой көтергенің:

– Осылай боп енді мен өтем! - дедің.

Тірлігіңнен береді әрең хабар,

Анда-санда күркілдеп жөтелгенің.

Кеуде деген қуыс қой көтергенің,

Айтқан саған ақылым бекер менің.

Арың арзан болмаса арақ сіңген.

Жақсы күнге жаман боп жетер ме едің!

Қайтер енді, достым - ау, қош дейін бе,

Тізімінен достардың өш, дейін бе?

Тірі адамды жоғалтқан қай қылығым,

Кешейін бе өзіме, кешпейін бе?