Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

БІР ӘКЕ СЫМАҚҚА

Өзің қандай едің сен бала шақта,

Қараушы ма ең қаймығып болашаққа?

Сойқандыққа алдыңа жан салып па ең,

Әкең айтқан ақылға алданып па ең?

Бүгін қалай сөйлейсің қазғыласып,

Қай бетіңмен балаңды жазғырасың?!

***

Бұл ағайды ертеден білемін мен,

Сырттан тілеп тілегін жүремін мен.

Сөзге жомарт аларда сымпылдаған,

Даусы да әсем шығады сұңқылдаған,

Берер шақта кілттеулі аузы берік,

Мейірім сөзі ішінде жатады өліп.

***

Қалай-қалай десек те,

Білген дұрыс есепті.

Мінген жақсы жүйрікке.

Мінген жаман есекке.

Қалай-қалай десек те,

Жүрген жақсы есепте.

Мінген жаман табытқа,

Мінген жақсы есекке.