Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӨTIPIK ПЕ

Тыпыр-тыпыр дамыл жоқ, бір тынбаймыз,

Кешке жуық шаршаймыз, ыңқылдаймыз.

Ұйықтап тұрсақ тынығып, қылтыңдаймыз,

Сәт жұтсақ ше?

Сөзшеңбіз - сұңқылдаймыз.

Сәл бақытты сезінсек жарқылдаймыз,

Тарсыл-тұрсыл қайнаймыз - бұрқылдаймыз.

Сәл бақытсыз сезінсек қылпылдаймыз,

Қоразымсып қойқаңдап құлпырмаймыз.