Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӘҢГЕЛЕК

Аңсарым ауғанда қауынға

Күз сайын соғамын ауылға,

Жүремін жеп-жеңіл жас болып,

Пысқырмай шаңдатқан дауылға.

Ұмытып Алматы тауын да,

Алмалы, алмұртты бауын да,

Түрініп жеңімді алам да

Тиісіп кетемін қауынға.

Алтындай сап-сары дөңгелек

Алдымда жатады әңгелек.

Алғандай кішкене күнді үзіп,

Тұрғаным таңданып бір қызық.