Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӘРКІМ АЙТАР ӨЗ ӘНІН

Әркім айтар өз әнін өз даусымен,

Көңіл күйін бөлісер сырласымен.

Біреу жақын өзіндей бақыттымен,

Біреу жақын мұңдасы, құрдасымен.

Біреу епті өмірде, біреу епсіз,

Жай ғана адамдар бар кереметсіз,

Айқайсыз - ақ өз ойын айтатын бар,

Тыңдап болмай, оған сіз не демексіз?

Тыңдайықшы, әркімді көлбеңдемей,

Бұл қалайша дүниеге келген демей.

Бөтенсің деп бәріне ұрса берсек

Туған да өгей болмай ма, өлген де өгей!