Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ЛӘЙЛІМ

Ол айтады - шалсың деп,

Мен айтамын - Ләйлім деп.

Ол айтады - арсыз деп,

Мен айтамын мейлің деп.

Сен қашсаң да, мен қашпан

Тұғырымнан тайдым деп.

Сен сассаң да мен саспан,

Айта берем Ләйлім деп.

Қақсай берем – жолыңа

Жүрегімді жайдым деп.

Шаршасаң да сорыма

Айта берем Ләйлім деп.

Ойлашы өзің, жеңіл ме

Айта алмасам Ләйлім деп.

Кетпес пе еді көңілде

Қартайғанда қайғы үдеп?