Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ЖҮЗІП КEЛEM

Жүзіп келем, жүзіп келем өзенмен,

Жүрегімнің шаршағанын сезем мен.

Алып кетіп барады ағыс ықтатып,

Тербеп толқын тыншытпақшы ұйықтатып.

О, жағалар, жасыл - жайсаң жағалар!

Жанады оттар, жарқылдайды жаңалар,

Демеймін мен сол жағалар оралар,

Кетсем қалғып жанған оттар жоғалар.