Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Атаққа мен алданбадым,

Ақшаға да жалданбадым.

Қарным тойса паңданбадым,

Қарным ашса қорланбадым.

Көргенім көп бала жастан,

Кешіргенмін бәрін бастан.

Өстім солай айнымастан,

Бір мінезден айрылмастан.

Жақсы-ақ емес өзіңді айту,

Есте қалған кезіңді айту

Кейде еріксіз мақтанасың,

Өсекшіден ақталасың.

Көрем өзім - өз күнімді,

Білем өзім - өз құнымды.

Тозған пышақ сияқтымын,

Кеспей қалсам ұяттымын.