Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

БАЛАМА

Есің де кірді, есейдің, балам,

Ертеңге барар ашылды жолың.

Әке деп маған болмай-ақ. алаң,

Таба бер енді құрбыңның тобын.

Көп емес ақылым артылар саған,

Не керек бекер білгірлік айтып.

Азаймаса екен мейрімің маған,

Келгенде ұзақ жолдардан қайтып.

Ағаны сыйла ағарған шашы,

Аңдамай кейде тимесін тілің.

Үлкеннің шашы - менің де шашым,

Есіңе сақта, осыны, күнім!

* * *

Кедеймін деп қиналма,

Кедейлік демде етеді.

Қуанба дүние жиғанға,

Сүйгенің болса жетеді.

Атаққа, даңққа алданба,

Басыңнан о да өтеді.

Қинаса жауың қорланба,

Сүйгенің болса жетеді.