Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

АБАЙҒА ЕЛIКТЕП

Жетсек те жана дүниеге

Еліміз алған азаттық

Қолменен асар еттей-ақ,

Өзгерер емес қазақтық.

Баяғы мінез бір мінез –

Аңғалдық пен пенен жалғандық.

Өшіріп отты өзіміз,

Тоңази қалсақ таң қалдық.

Қарнымыз тойса тынышпыз,

Ащыға қалсақ қармандық.

Алдағандармен дұрыспыз,

Адалын айтса - ақ шамдандық.

Күніміз өтпес өсексіз,

Бәлеге талай шырмалдық.

Уақыттар өтті есепсіз,

Ақылдан талай құр қалдық.

Баяғы баяу мимырттық,

Өткен соң мезгіл қамдандық.

Кешігіп келген жүйріктік –

Озғандық емес, қалғандық.