Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

КІМДІ СҮЙЕМ

Сүймеймін сұйықтарды кердеңдеген,

Өзіне өзге жұртты тең көрмеген.

Жүрсе де сымбаттымсып, қымбаттымсып,

Есітемін ішкі айқайын «Мен! Мен!» деген.

Көзге әділ көрінсе сыртыменен,

Кезі жоқ сотқарларға жел бермеген,

Сүйемін сүйкімі мол ақ пейілді

Өмірде өз қалпынан өзгермеген.

Жәрдемге, жақсылыққа жаны құмар

Ісіңді жөндеседі жөнделмеген,

Қиында, қысылшаңда қасыңда ол,

Кетпейді айырбастап кез келгенмен.

Пәлеңнен доспын деген сақта тәңрі,

Күнәңды күнде жинап безбендеген!