Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӨСЕКТІҢ КҮШІ ТУРАЛЫ

Қадірсіздің өсегі шаң сияқты,

Бір сілкінсең қалмайтын.

Қадірлінің өсегі заң сияқты,

Жалған десең нанбайтын.

Қадірсіздің өсегі әзілмен тең,

Бір күлуден қалмайтын.

Қадірлінің өсегі ажалмен тең,

Жаныңды алмай қоймайтын.

Я, жасаған, ынсап бер, қайырым бер.

Қадірі артқан ағаға.

Ұялмаса жазасын бер,

Келтіре көр тобаға.