Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

БІР СЫНШЫҒА

Оқимын да жазғаныңды қорқамын,

Бұл не қылған мүсәпір деп аяймын.

Айнымады - ау баяғы бір жортағың,

Танымайсың таңбасын да бояудың.

Я құлақ жоқ еститұғын дыбысты,

Я жүрек жоқ сездірер, я сезетін.

Іздесейші бойыңа шақ жұмысты,

Сын малта емес қартайғанша езетін.

Көше сыпыр, босқа отырғың келмесе,

Ол да пайда сүйген жұртқа тазалық.

Олла - билла, жарасар еді өзіңе

Қаламнан да сыпырғыға қожалық!

Тек шаңдатпа екі қолым мықты деп,

Ұмытпа, сен, ақыл керек оған да.

Жырлайын мен бір ғажап жан шықты деп

Сыпырғымен көмек етер қоғамға.