Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ЕРТЕҢ

Келеді ертең жарқырап күндей жаңа адам,

Келеді бізге қуаныш - шаттық көтеріп.

Тұрыңдар, достар, берейік орын арадан,

Ғажайып жанға қошемет, құрмет етелік.

Әзірлеу керек сәбидің шілдеханасын,

Әншілер қайда, күйшілер қайда? Жиналсын!

Жырласын ақын ананың туған баласын,

Оттысын таңдап сөздердің әбден қиналсын.

Кеңейсін мектеп, көбейсін тұрғын үйлер де,

Тазарсын ауа, көгере түссін гүлдер де,

Ұзарсын жолдар - сәбидің жүрер жолдары

Көбейсін кітап оқитын барлық тілдерде.

Бүгінді сүйем, жүрегім бірақ ертеңде,

Ертеңім мені тағы да күтіп алады.

Тағы бір жұлдыз туады жанып әлемге,

Тағы бір үміт жалтылдап тұрып жанады.