Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӘЖЕЛЕР

Кірді түн үйге есіктен

Жамылып қара желегін,

Тербете берді бесікті

Әженің айтып өлеңін.

Тербетіп отыр түн әже

Жылаған немерелерін.

Баяндап отыр түн әже

Күн әженің де келерін.

Сәбилер қашан тыншыған...

Сыңсыған ән де үзілді.

Кезектен кетті түн әже

Күн әже кірді қызулы.