Абдилда Тажибаев. Олендер. 1957-1976

ӘЗІЛ ОРНЫНА

Мені жұрт дейді-міс майталман,

Ойларын өлеңмен айта алған.

Мен кейде қаламын сөз таппай

Адамдай шабыты ортайған.

Сыр бермей сыртымнан қомпайған

Жүремін кем соқпай сойқаннан.

Байқаймын, одан да шаршаймын

Әлсіздей болдырып жантайған.

Сеземін, Әбекең ортайған,

Әйтпесе шын - ақ ол қартайған.

Құлағын кердің бе қалқайған,

Мұрынын кердің бе қоңқайған!

Ағадан кешегі «майталман»,

Ойларын өлеңмен айта алған.

Бүгін де дәметіп көрейік

Күндерде күйісін қайтарған.