ҚАЙЫҢ
Тынымсыз соқты жел борап,
Шайқады биік қайыңды.
Сұлуды белден алды орап,
Қайыңның шашы жайылды.
Тынымсыз құйды сел борап,
Нөсермен жуды қайыңды.
Қайың тұр, міне, жадырап,
Тастаған шайып уайымды.